№2 (8916) 10

10 қаңтар 2026 ж.

№1 (8915) 6

06 қаңтар 2026 ж.

№100 (8914) 31

31 желтоқсан 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
» » Әлем чемпионатының қола жүлдегерін жерлестері қарсы алды

Әлем чемпионатының қола жүлдегерін жерлестері қарсы алды


Черногория мемлекетінде өткен жастар арасында бокстан әлем чемпионатының қола жүлдегері Аслан Елдібайұлын жерлестері зор қошеметпен қарсы алды.
Іс-шарада аудан әкімінің орынбасары Бектас Нуридинов әлем чемпионатының жүлдегерін аудан басшысы атынан құттықтап, астына атбозат мінгізіп, бапкерлеріне қаржылай сертификат табыстады.
-«Бұл жеңіс – алтынға бергісіз ауданымыз үшін спорт саласындағы зор жетістік болды. Елдігіміздің еңсесін көтеріп, көк туымызды әлемдік аренада желбіретер – өзіңдей жастар мемлекетіміздің, тұтастай халықтың мақтанышы деп білемін.»- деді аудан әкімінің орынбасары.
Сондай-ақ, ауданның құрметті азаматтары Серік Мұсабай мен Мадияр Ахметов Асланды әлі талай спорт бәсекесінде ел абыройын биікке көтеретініне сенім білдірді.
Іс-шарада Аслан Елдібайұлы бұл жеңіспен тоқтап қалмайтынын, жанкүйерлер сенімін ақтауға бар күшін салатынын айтты.
07 қараша 2024 ж. 262 0