Құрылтай

№54 (8968) 21

21 шілде 2026 ж.

№53 (8967) 18

18 шілде 2026 ж.

№52 (8966) 14

14 шілде 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 
» » Қазақстанда магистратураға түсуге арналған кешенді тестілеу басталды

Қазақстанда магистратураға түсуге арналған кешенді тестілеу басталды


Бүгін, 2026 жылғы 20 шілдеде магистратураға түсуге арналған кешенді тестілеу басталды, ол 10 тамызға дейін жалғасады. Кешенді тестілеуді тапсыруға өтініштер 1 маусым мен 8 шілде аралығында ҚР ҒЖБМ Ұлттық тестілеу орталығының сайтында қабылданды, деп хабарлайды 
Syrboyi.kz.
Ғылым және жоғары білім министрлігінің мәліметінше, биыл магистратураға түсуге арналған кешенді тестілеуге 61 мыңнан астам өтініш (2025 жылы — 51 мың) қабылданды. Ең көп таңдалған білім беру бағыттары қатарында «Педагогикалық ғылымдар», «Инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары» және «Бизнес, басқару және құқық» бар.

Ғылыми-педагогикалық магистратураға түсу үшін кешенді тестілеу электрондық форматта өткізіледі және үш бөлімнен тұрады: шет тілі бойынша тест, оқуға дайындығын анықтауға арналған тест және білім беру бағдарламалары тобының бейіні бойынша тест. Тестілеуге 3 сағат 55 минут беріледі. Шекті балл — 75 балл, оның ішінде шет тілі бойынша кемінде 25 балл, оқуға дайындығын анықтауға арналған тест бойынша — кемінде 7 балл, білім беру бағдарламалары тобының бейіні бойынша: бірінші бейінді пән бойынша — кемінде 7 балл, екінші бейінді пән бойынша — кемінде 7 балл.

Бейінді магистратураға түсуге ниетті түсушілер тек білім беру бағдарламалары тобының бейіні бойынша тест тапсырады. Шекті балл кемінде 30 балл, оның ішінде бірінші бейінді пән бойынша — кемінде 7 балл, екінші бейінді пән бойынша — кемінде 7 балл.

— Тестілеу нәтижелерімен келіспеген жағдайда онлайн-апелляция беруге болады. Тестіленуші емтихан аяқталғаннан кейін 30 минут ішінде апелляцияға өтініш бере алады. Апелляция 7 жұмыс күні ішінде қарастырылады, одан соң сертификат оқуға түсушінің Жеке кабинетінде қолжетімді болады, — делінген хабарламада.
Еске салайық, магистратурада оқу үшін 2026 жылы 11 мыңға жуық грант бөлінген. Кадрларды даярлауға арналған гранттар сұранысқа ие бағыттар бойынша бөлінеді.

Грант конкурсына құжаттарды қабылдау 12-18 тамыз аралығында жүзеге асырылады, ал грант иегерлерінің тізімі 25 тамызға дейін жарияланады. Болашақ магистранттарды ЖЖОКБҰ-ға қабылдау 28 тамызға дейін дейін жүргізіледі.

Фото: Gov.kz
21 шілде 2026 ж. 47 0