Құрылтай

№51 (8965) 9

09 шілде 2026 ж.

№50 (8964) 4

04 шілде 2026 ж.

№49 (8963) 30

30 маусым 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 
» » Жұқпалы ішек ауруларынан сақтану шаралары

Жұқпалы ішек ауруларынан сақтану шаралары


Жазғы мезгілде көкөніс, жеміс-жидектер пісіп, балалардың жазғы демалысы басталған кезде ішек ауруларының өсуі байқалады.
Ішек жұқпалары үлкен аурулар тобын біріктіреді. Ең кең тараған ішек жұқпалар: гастроэнтероколит, дизентерия, сальмонеллез, ротавирустық жұқпа және басқалары. Жіті ішек жұқпаларын бактерия, вирустар және шартты патогендік микробтар туындатады. Бұл аурулар балалар арасында жиі кездеседі. Ішек ауруының бактериялары ауру адамнан немесе бактерияны тасымалдаушыдан сау адамға жұғады.
Инфекция жұқтырудың негізгі жолдары: тағам, су, қарым-қатынас арқылы.Тазалық ережелерін сақтамаған кезде ішек жұқпа бактериясы ауру адамның нәжісі арқылы топыраққа, суға түседі. Азық-түлік тағамдары, су және лас қолдар арқылы тұрмыстық заттар ластанады. Бактериялар суда, азық-түліктерде ұзақ сақталады, ластанған суды, азық-түлікті пайдалану, тазалық ережесін сақтамау адамдардың сырқаттануының себебі болады.14 жасқа дейінгі сырқаттанған балалардың 70-80% 2 жасқа дейінгі балалар құрайды. Негізінен балалардың ауруға шалдығуына сүт тағамдарының және үй тағамдарын дайындау, сақтау ережелерінің бұзылуы, балалар ыдыстарының дұрыс өңделмеуі, балаларды қарау кезінде ережелердің және аналарының жеке бас гигиенасының сақталмауы басты себеп болып отыр.
 Ішек жұқпасымен ауырған адамдар белгілері байқалған кезде дәрігерге қаралып емделуі керек. Аурудың жасырын кезеңі бірнеше сағаттан 7 күнге дейін созылады.Негізгі белгілері: ішек асқазанның ауырсынуымен қатар, іштің жиі-жиі өтуі, асқынған кезде қан араласады, құсады, дене қызуы көтеріледі, қалтырайды, тамаққа тәбеті соқпайды, әлсірейді. Ішек жұқпасы адамдарда жеңіл немесе ауыр түрде өтуі мүмкін. Көп жағдайда адамдар ішінің бұзылғанына көңіл бөлмей, дәрігерге қаралмайды, өз бетінше емделеді-де аруды асқандырып алады. Уақытында емделмей жүре берсеңіз, отбасыңызда, бала күту кезінде, тамақ әзірлегенде дертті басқаларға жұқтырасыз.
         Сондай-ақ мерекелік шаралар өткізу кезінде қоғамдық тамақтану нысандарында (кафе, мейрамхана) үйден қосымша алдын ала дайындалған тағамдарды алып барып, сақтау және тасымалдау ережелерінің бұзылуы  ауру тіркелуіне себепші болады.
 Ішек жұқпасын жазғы кезенде шыбындар тез таратады, кір-қоқыстан үй-жайға ұшып, тағамдарды, балалардың ойыншықтарын және т.б. ластайды.
Ішек инфекциясынан сақтану және алдын алу шаралары:
· жеке тазалық тәртібін қатаң сақтаңыз, әсіресе тамақ ішер алдында және дәретханаға барғаннан кейін қолыңызды мұқият жуыңыз;
· үй жағдайды, ауланы таза ұстап, шыбын – тарақандардың көбейюіне жол бермеу керек;
· тез бұзылатын азық-түлік пен дайын тағамдарды тоңазытқышта 2-6 С температурада сақтау керек;
· жеміс-жидекті, көкөністі жуып пайдалану керек;
· азық-түлік тағамдарын рұқсат етілмеген орындардан сатып алмау;
· ет, құс етін жұмыртқаны және теңіз өнімдерін жақсылап қуыру немесе пісіру керек;
· тез бұзылатын тағам өнімдерінің, шикі азық-түліктердің жарамдылық мерзімі мен сақтау шарттарын сақтау және дайын тағамдарды бөлек сақтау қажет;
· жаңа әзірлеген тағамдарды кешегі күннен қалған аспен араластырмау керек, бірақ егер дайын тағам ертеңгі күнге қалып кетсе, онда пайдаланар алдында оны жақсылап қайнатып немесе қуырып пайдалану керек;
· қайнаған немесе сапасына кепілдік берілген суды ғана пайдалаңыз.     
Жазғы кезде көлге, өзенге түскен кезде суды жұтып қоюдан сақтанған жөн. Үйіңізде үнемі тазалық болуын қадағалаңыз және жеке тазалық тәртібін сақтаңыз, кішкентай балаларға қайнамаған сүт, су, шикі жұмыртқа бермеңіз, ас әзірлеу үшін тек жаңа өнімдерді пайдалаңыз.
Жалпы тазалық ережелерін сақтап, жуынды, лай су, қоқыс төгетін шұңқырларды шыбынның, құрт-құмырсқаның, микробтардың мекені қылмай, таза ұстаңыз.
Жұқпалі ішек аурулары лас қолдан жұғатын ауру екенін естен шығармаған жөн.
Тазалық-денсаулық кепілі!
Жаңақорған аудандық СЭББ бас маманы  Р.Ахметова      

13 шілде 2026 ж. 36 0