№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Тырысқақ – аса қауіпті жұқпалы ауру

Тырысқақ – аса қауіпті жұқпалы ауру

 Бұл ауру адамзатты апатқа ұшырату жөнінен обадан кейінгі екінші орынды алды.
Тырысқақ - ауруы ішек ауруларының ішіндегі ең қауіптісі, жұғу қаупі жоғары және берілу жолдары түрлі болғандықтан ауру тез таралады.

Жұқпа таралуының жалғыз көзі – ауру адам немесе тырысқақ бойынша қолайсыз аймақтан келген қоздырғышты нәжіс немесе құсық арқылы бөлетін вибриотасымалдағыш.
Мұндай жұғу жолы – ауыз - нәжістік деп аталады. Қоздырғыш жұқтырылған тамақ және су арқылы адам ағзасына түседі, ауру адаммен қатынаста болғанда немесе тұрмыстағы заттарды пайдаланғанда жұғады. Қоздырғыш суда, сүтте, ағынды суларда ұзақ уақыт бойы сақталады.
Тырысқақ ауруының таралуына, әсіресе судың маңызы зор. Қоздырғышпен ластанған суды ішкенде, шаруашылыққа пайдаланғанда немесе жеміс-жидектерді, көкөністерді жуып, шайған кезде адамға жұғады. Әсіресе су арқылы жұққан кезде ауру бір мезгілде бұрқ етіп, халық арасында лезде тарайды.
Тырысқақ вибрионы адамның аш ішегін зақымдайды, денені қатты улайды.
Бұл қауіпті кеселдің инкубациялық кезеңі бірнеше сағаттан 5 күнге дейін көбінесе 2-3 күнге созылады.
Тырысқаққа тән нәрсе аурудың бірден жедел түрде, аяқ астынан басталады. Аурудың алғашқы белгісі іштің өтуі.
Науқастың іші ауырмайды, дерттік күшену болмайды, нәжісі сұйық, түсі лайлы ақ түсті келеді. Іші жиі өтіп, үсті-үстіне құсады.
Одан сақтану долдарының бастысы қолыңызды мұқият жуыңыз, әсіресе, тамақ дайындар және тамақтанар алдында. Тек қайнатылған суды ғана ішіңіз.
Термикалық өңдеуден мұқият өткізілген өнімдерді пайдаланыңы. Алдын ала дайындалған тамақты жақсылап ысытыңыз. Пастерленбеген сүтті ішер алдында, оны қайнатыңыз.
Егер сізде диарея болса, әсіресе, ауыр түрі, немесе жиі құссаңыз, шұғыл арада медицианлық көмекке жүгініңіз.
Қызылорда облысы I-ші типті эпидемиологиялық қауіпті аумаққа жатады.

Ж.Шайхысламов,
Жаңақорған аудандық СЭББ –сы бөлім басшысы.
31 шілде 2024 ж. 1 206 0