№46 (8960) 20

20 маусым 2026 ж.

№45 (8959) 16

16 маусым 2026 ж.

№44 (8958) 13

13 маусым 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
» » ҚЫЗЫЛОРДА ӨҢІРЛІК КӨЛІК ПРОКУРОРЫ АУДАН ТҰРҒЫНДАРЫНА ҚОҒАМДЫҚ ҚАБЫЛДАУ ӨТКІЗДІ

ҚЫЗЫЛОРДА ӨҢІРЛІК КӨЛІК ПРОКУРОРЫ АУДАН ТҰРҒЫНДАРЫНА ҚОҒАМДЫҚ ҚАБЫЛДАУ ӨТКІЗДІ


Бүгін облыстық көлік прокуратурасының бастамасымен аудандық «Руханият» орталығында Қызылорда өңірлік көлік прокуроры Роллан Файзуллаұлы Яғмусовтың қатысуымен аудан тұрғындарына арналған қоғамдық қабылдау өтті.


Басқосуға аудан әкімінің орынбасары Қайрат Сапарбаев, Қызылорда станциясындағы Көліктегі полиция бөлімінің бастығы Даурен Қожабергенов және аудан тұрғындары қатысты.

Қабылдау барысында тұрғындар теміржол көлігі қауіпсіздігі, жолаушылардың құқықтарын қорғау, көлік инфрақұрылымын пайдалану кезіндегі заң талаптары, қоғамдық тәртіпті сақтау, сондай-ақ өзге де құқықтық сипаттағы мәселелер бойынша сұрақтарын қойды. Азаматтардың өтініштері мен ұсыныстары мұқият тыңдалып, қолданыстағы заңнама аясында тиісті түсіндірмелер берілді.

Көлік прокуроры Роллан Файзуллаұлы тұрғындардың көтерген мәселелері назардан тыс қалмайтынын айтып, заң талаптарының сақталуы мен азаматтардың құқықтарын қорғау бағытындағы жұмыстар тұрақты бақылауда болатынын жеткізді.

Айта кету керек, аталған қабылдау Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айқындаған «Заң мен тәртіп» қағидатын іске асыру аясында ұйымдастырылып, қоғамдағы заң үстемдігін қамтамасыз етуге, азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға бағытталған жұмыстардың бір бөлігі болып табылады.
22 маусым 2026 ж. 34 0