Құрылтай

№50 (8964) 4

04 шілде 2026 ж.

№49 (8963) 30

30 маусым 2026 ж.

№48 (8962) 27

27 маусым 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 
» » CІЗ ЫРЫМҒА СЕНЕСІЗ БЕ?

CІЗ ЫРЫМҒА СЕНЕСІЗ БЕ?


Жақында Сырға барып, кластастармен кездестім. Жаңақорған ауданындағы іргелі ауылдың бірі. 5 мыңға жуық халқы бар. Елді мекеннің территориясы ауқымды. Бір үйден екіншісіне жаяу жету оңай емес. Сондықтан ауыл ішінде таксимен қатынадық.

Кезекті қонаққа бару үшін бәріміз сыртқа шықтық. Әңгімеміз жарасып, күліп-әзілдесіп көлікке қарай беттеп келеміз. Дәл сол кезде қайдан шыққаны белгісіз, қара мысық зу етіп алдымыздан өте шықты.

Бәріміз күліп жібердік. Бірақ арамыздағы бір кластасымыздың жүзі күрт өзгерді.
– Жоқ, мен бұл қақпадан шықпаймын. Басқа жақпен айналайық, – деді ол.
Сөйтті де, басқа шығатын жол іздей бастады.

Біз әзілдеп:
– Қойшы, қазір қай ғасырда өмір сүріп жатырмыз? – дедік.
Бірақ ол райынан қайтпады. Тіпті такси күтіп тұрғанына қарамастан, көршінің қорасына өтіп, солардың қақпасына қарай бет алды.

Сол сәтте менің ойыма бір сұрақ келді.
Неге біз ғылымға сенеміз, білімдіміз дейміз. Бірақ кейде бір қара мысықтың өзі шешімімізге әсер етіп жатады?

Шын мәнінде, мәселе қара мысықта емес.
Мәселе – адамның миында.

Егер қара мысық жолыңызды кесіп өткен күні бір сәтсіздікке тап болсаңыз, миыңыз осы екі оқиғаны өзара байланыстырады. Ал қара мысық жолыңызды ондаған рет кесіп өтіп, ештеңе болмаған күндер мүлде есте қалмайды.

Психологияда бұл құбылыс иллюзиялық байланыс деп аталады. Яғни, бір-біріне қатысы жоқ оқиғалардың арасында себеп-салдарлық байланыс бар деп қабылдау.

Сондықтан емтихан алдында «сәттілік әкелетін» қаламды іздейміз, маңызды кездесуге белгілі бір киімді киеміз, ал спортшылар жарыс алдында өздері ғана білетін әдетін қайталап, психологиялық ритуалдар орындайды.

Мұның бәрі кездейсоқ емес.
Ырымға сенудің түп-тамыры тылсым күште емес, адамның психологиясында жатыр. Белгісіздік адамды алаңдатады. Ал ырым сол алаңдаушылықты азайтып, бәрі өз бақылауында тұрғандай әсер береді.

Сондықтан ғылым қарыштап дамып, жасанды интеллект өмірімізге енсе де, ырымдар жоғалып кеткен жоқ.
Өйткені технология өзгергенімен, адамның табиғаты өзгерген жоқ.

Достар, сіздер ырымға сенесіздер ме?

08 шілде 2026 ж. 41 0