№70 (8984) 15

15 қыркүйек 2026 ж.

№69 (8983) 12

12 қыркүйек 2026 ж.

№68 (8982) 8

08 қыркүйек 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
» » Таиланд визасыз режім мерзімін қысқартты

Таиланд визасыз режім мерзімін қысқартты


Қыркүйектің 15-інен бастап Таиланд елімізді қоса алғанда, 93 мемлекеттің азаматтарына елде визасыз болу мерзімін қысқартты. Енді саяхаттап барғандар аталған елде 60 күн емес, 30 күн бола алады.

Қазақстанның Таи­ланд Король­дігіндегі ел­шілігінің мәліметіне сәй­кес, ел азаматтары корольдік аумағында виза рәсімдемей-ақ кірген сәттен бастап 30 күн жүре алады. Бұл Таиланд Министрлер кабинетінің шешімі.
«Бұл ретте әрбір 180 күндік кезең ішінде болудың жиынтық мерзімі 90 күнтізбелік күннен аспауға тиіс. Осыған байланысты Таиландқа сапар жоспарлап отырған Қазақстан азаматтарына көші-қон режіміндегі өзгерістерді ескеру ұсы­нылады. Елде 30 күн­нен астам уақыт жүру қажет болған жағдайда, тиісті визаны алдын ала рәсімдеу қажет», делінген Елшілік мәлімдемесінде.
Жалпы, бұл шара заңсыз еңбек көші-қонының алдын алуға, «виза-ран» деп аталатын – шекарадан шығып қайта кіру ережелерінің бұзылуына жол бермеуге бағытталған. Осы жылы Паттайя қаласында өткен халықаралық көрме барысында басқарма өкіл­дері аталған шешімнің туризмді шектеу үшін емес, қауіпсіздік шараларын күшейту мақсатында қабылданғанын түсіндірді. Олардың айтуынша, 60 күндік визасыз режім енгізілгеннен кейін елге келіп, заңсыз жұмыс іс­тейтін немесе көші-қон талаптарын бұзатын ше­телдіктер саны артқан. Осыған байланысты визасыз болу мерзімін қыс­қарту туралы шешім қабылданған.
Таиланд СІМ өкіл­дері атап өт­кен­дей, ха­лықаралық әуе рейс­те­рі­мен келетін туристер үшін елге кіру саны бойынша ешқандай шектеу жоқ. Деген­мен иммиграциялық билік өкіл­дері визасыз режімді теріс пай­да­ланған немесе елге турис­тік емес мақсатпен келген азамат­тар­­ды кіргізуден бас тарта алады.
Еліміздің Таиландтағы елші­лігі азаматтарға демалыс, қашық­тан жұмыс немесе уақытша тұру жос­парын құрғанда көші-қон заңнамасындағы өзге­рістерді ескеруді еске салады.
Ал Таиландта ұзақ уақыт тұрып, қашықтан жұмыс істеуді жоспарлайтын азаматтарға арнайы Digital Nomad визасы қарастырылған. Әрбір ел азаматтары осы визаны рәсімдеу арқылы Таиландта заңды түрде ұзақ мерзім бола алады.
egemen.kz
18 қыркүйек 2026 ж. 63 0