Конституция

№50 (8964) 4

04 шілде 2026 ж.

№49 (8963) 30

30 маусым 2026 ж.

№48 (8962) 27

27 маусым 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 
» » АУДАНДА ҰЛТТЫҚ ДОМБЫРА КҮНІ АТАП ӨТІЛДІ

АУДАНДА ҰЛТТЫҚ ДОМБЫРА КҮНІ АТАП ӨТІЛДІ


Бүгін аудан әкімі Ғалымжан Жарқынбектің қатысуымен Ұлттық Домбыра күніне арналған «Домбыра – ұлттың жүрегі, Конституция – елдің тірегі» атты мерекелік шара өтті.


«Prime Park» орталық саябағында ұйымдастырылған мерекеде тұрғындар мен қонақтар алдымен «Қазағымның дастаны – Домбыра» атты тақырыптық көрмені тамашалап, ұлттық мұрамыздың тарихы мен тағылымын танытатын құнды жәдігерлермен танысты.

Мерекелік кеш «Қос ішектегі – қазақтың ғұмыры» атты театрландырылған прологпен ашылды.

Салтанатты шарада аудан әкімі Ғалымжан Жарқынбек жиналған жұртшылықты Ұлттық Домбыра күнімен құттықтап, домбыраның халқымыздың рухани өміріндегі орны ерекше екенін атап өтті. Сондай-ақ Мемлекет басшысының бастамасымен бекітілген бұл мерекенің ұлттық құндылықтарды дәріптеудегі маңызына тоқталды.

Мереке аясында ұлттық өнерді ұлықтап, домбыра өнерінің дамуына елеулі үлес қосып жүрген бірқатар азаматтар аудан әкімінің Алғыс хатымен марапатталды.

Шара соңында аудан өнерпаздары ән мен күйден шашу шашып, ұлттық өнердің мерейін асқақтатқан концерттік бағдарламасын ұсынып, тұрғындарға көтеріңкі көңіл күй сыйлады.
06 шілде 2026 ж. 53 0