Конституция

Соңғы жаңалықтар

№49 (8963) 30

30 маусым 2026 ж.

№48 (8962) 27

27 маусым 2026 ж.

№47 (8961) 23

23 маусым 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 
» » КІТАП КЕРУЕНІНІҢ САПАРЫ М.НӘЛІБАЕВ АУЫЛЫНДА ЖАЛҒАСТЫ

КІТАП КЕРУЕНІНІҢ САПАРЫ М.НӘЛІБАЕВ АУЫЛЫНДА ЖАЛҒАСТЫ


«Кітап керуені» жобасы Жаңақорған ауданының Мәшбек Нәлібаев ауылында жалғасты. Шараның салтанатты ашылуында аудан әкімінің орынбасары Нариман Жахудаев, Ә. Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының басшысы Сапар Көзейбаев құттықтау сөз сөйледі.

Акция аясында кітапхана саласының үздік мамандары мен белсенді оқырмандары марапатталды. Кітапхана мамандарына Қызылорда облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының Алғыс хаты табысталды. Кітапхана оқырмандарына «Үздік оқырман», «Ең белсенді оқырман», «Кітап жанашыры», «Үздік жас оқырман», «Үлгілі оқырман отбасы» номинациялары және қаржылай сертификаттар табысталды.
Бағдарлама аясында «Өлке руханияты: жыр мен ойдың тоғысы» атты әдеби кездесу ұйымдастырылды. Кездесуге ақын Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Мағираш Тұрсынова, ақын Ерсұлтан Мұстафаев, ақын Мадияр Оспанов, журналист Баян Үсейінова қатысып, руханият пен әдебиеттің қоғамдағы орны туралы ой бөлісті. «Кітап. Білім. Цифрлық технология» тақырыбында шеберлік сағаты, «Кітап құрттары» клубының мүшелері кітап талқылауын ұйымдастырды. Сондай-ақ «Кітапханаға кітап сыйла» акциясы өткізілді. Акцияда ақын, жазушы М.Тұрсынова кітапханаға өзінің кітабын сыйға тарту етті.
Керуен аясында ауыл тұрғындарына түрлі жанрдағы кітаптар ұсынылып, жаңа басылымдар таныстырылды. Оқырмандар өздерін қызықтырған әдебиеттермен танысып, кітаптар туралы пікір алмасты. Сонымен қатар кітап талқылау, шеберлік сабақтары ұйымдастырылып, қатысушылар рухани әсер алды.
Ауыл тұрғындары кітап керуенінің маңыздылығын атап өтіп, мұндай шаралардың жиі өткізілуіне тілектестік білдірді. Кітапқа құштар тұрғындар ұйымдастырушыларға алғыстарын айтып, кітаптың адам өміріндегі орны ерекше екенін жеткізді.
01 шілде 2026 ж. 36 0