№95 (8806) 30

30 қараша 2024 ж.

№94 (8805) 26

26 қараша 2024 ж.

«Әкімдердің

25 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » » Кітапқа апарар жол

Кітапқа апарар жол


2021 жыл – Қазақстандағы балалар мен жасөспірімдердің кітап оқуын қолдау жылына орай, 25 қыркүйекте орталық алаңда «Қазақстанның оқырман ұрпағы – 2021» акциясы аясында «Балалық пен кітапқа апарар жол» атты әдеби керуені өтті.


Кітаптың адам өміріндегі маңызын, балалардың кітапқа деген қызығушылығын арттыру, оқушыларды қиялдауға, шешен сөйлеуге, өз ойын еркін жеткізуге және қайратты істер жасауға жұмылдыру мақсатында ұйымдастырылған бұл шарада кітапхананың балалар бөлімі қызметкерлерінің көп тер төккені байқалады.
Шара барысында, «Ертегілер әлеміне саяхат» атты кітап көрмесі және «Түлкі мен қоян» атты ертегіден қуыршақтар қойылымы қойылды. Әдеби керуенге №169 мектептің 5г сыныбы қатысты.
«Бір ел бір кітап» республикалық акциясы аясында, Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына орай ұсынылған 30 кітаптың ішінде балалар әдебиеті жанры бойынша Ыбырай Алтынсариннің «Өнер-білім бар жұрттар», Бердібек Соқпақбаевтың «Жекпе-жек», Марат Қабанбаевтың «Жиһанкез Тити», Толымбек Әбдірайымның «Алабұға аулаған күн», Зира Наурызбаева, Лиля Калаустың «Алтын тостағанды іздеу», Мәди Айымбетовтың «Бар болғаны он төрт жас» атты жыл бойына насихатталып келе жатқан кітаптары бойынша балалардың білімі сыналды.
Сонымен қатар, үш кезеңнен тұратын әдеби ойын ұйымдастырылды. Әдеби ойын бойынша дұрыс әрі белсенді жауап берген оқушылар кезекпен машина-паравозға мініп отырды. Балалардың тапқырлығын, шапшаңдығын анықтау мақсатында логикалық сұрақтар да қойылды. Әр оқушы белсенділік танытып, кітап оқуға қызығушылықтары жоғары екенін көрсетті.
Шара соңында, кітапхана директоры – Әсем Тілеубергенова жасөспірімдерге тілегін жеткізді.

Рауза ӘЗІЛХАН
30 қыркүйек 2021 ж. 777 0