Құрылтай

Соңғы жаңалықтар

№61 (8975) 15

15 тамыз 2026 ж.

№60 (8974) 11

11 тамыз 2026 ж.

№59 (8973) 8

08 тамыз 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31 
» » Жер учаскелерін мемлекет мұқтажы үшін мәжбүрлеп иеліктен шығарудың басталуы туралы

Жер учаскелерін мемлекет мұқтажы үшін мәжбүрлеп иеліктен шығарудың басталуы туралы

Жаңақорған ауданы әкімдігінің 2026 жылғы 29 маусымдағы №99 қаулысы Жер учаскелерін мемлекет мұқтажы үшін мәжбүрлеп  иеліктен шығарудың  басталуы туралы
Қазақстан Республикасының Жер Кодексіне, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңына және Жаңақорған кенті әкімінің                   2026 жылғы 05 маусымдағы №07-09/469 ұсыныс хатына сәйкес Жаңақорған ауданының әкімдігі
ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулының қосымшасында көрсетілген тұлғалардан жер учаскелерін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті мемлекет мұқтажы үшін мәжбүрлеп иеліктен шығару басталсын.
2. Мәжбүрлеп иеліктен шығару мерзімі 2026 жылдың 31 желтоқсан айы болып белгіленсін.
3. «Жаңақорған кенті әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне осы қаулы қабылданған кезден бастап үш жұмыс күні ішінде атқарушы органның интернет-ресурстарын қоса алғанда, жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарына жариялау жұмыстары жүктелсін.
4. Меншік иелері жүгінетін орын Жаңақорған кенті, М.Көкенов көшесі №44 мекенжайда орналасқан «Жаңақорған ауданының ауыл шаруашылығы мен
жер қатынастары бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі болып белгіленсін.
5. Осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдау Жаңақорған кенті әкімінің аппаратына және Жаңақорған ауданының ауыл шаруашылығы мен жер қатынастары бөліміне жүктелсін.
6. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің тиісті сала орынбасарына жүктелсін.
7. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
              Аудан әкімі                                                  М. Самитов
29 маусым 2026 ж. 60 0