№45 (8959) 16

16 маусым 2026 ж.

№44 (8958) 13

13 маусым 2026 ж.

№43 (8957) 9

09 маусым 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
» » МЕДИЦИНА ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ КҮНІНЕ ОРАЙ МЕРЕКЕЛІК ШАРА ӨТТІ

МЕДИЦИНА ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ КҮНІНЕ ОРАЙ МЕРЕКЕЛІК ШАРА ӨТТІ


Бүгін М.Көкенов атындағы аудандық мәдениет үйінде Медицина қызметкерлері күніне арналған «Медицина – мейірім мекені» атты салтанатты шара өтті.


Мерекелік кеш «Өмірге үміт сыйлаған жандар» атты театрландырылған прологпен басталып, ақ халатты абзал жандардың адам өмірін сақтаудағы өлшеусіз еңбегі мен мамандықтың маңыздылығы дәріптелді.

Салтанатты жиында аудан әкімінің орынбасары Нариман Жахудаев сөз сөйлеп, денсаулық сақтау саласының қызметкерлері мен ардагерлеріне аудан әкімі Мажит Самитовтің мерекелік құттықтауын жеткізді.

– Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз – Медицина қызметкерлері күнімен шын жүректен құттықтаймын! Адам жанына араша болып, халық денсаулығын сақтауды өмірлік мұрат еткен мамандық иелерінің еңбегі әрдайым құрметке лайық. Мемлекет басшысының, Үкіметтің және Сыр өңірін басқарған кезеңінде аймақтың әлеуметтік саласының дамуына айрықша үлес қосып, бүгінде Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары қызметін атқарып отырған Нұрлыбек Машбекұлының қолдауымен ауданымыздың медициналық инфрақұрылымы жаңарып, бірқатар маңызды жобалар жүзеге асырылуда. Бұл жұмыстардың барлығы тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыруға және денсаулығын нығайтуға бағытталған. Халық денсаулығын қорғау жолында аянбай еңбек етіп жүрген барлық медицина қызметкерлері мен сала ардагерлеріне шынайы ризашылығымызды білдіреміз, – деді Нариман Үсенұлы.

Мерекелік шара барысында денсаулық сақтау саласының дамуына елеулі үлес қосқан бірқатар қызметкерлер мен ардагерлер Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің «Құрмет грамотасымен», «Алғыс хатымен», сондай-ақ аудан әкімінің Алғыс хатымен марапатталды.

Сонымен қатар, Жаңақорған аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Өмірсерік Тақырбасов сала мамандарын кәсіби мерекемен құттықтап, медицина саласының ардагерлері Фатима Момбекова мен Мырзагүл Жамурова Жаңақорған ауданының «Құрметті ардагері» атағын салтанатты түрде табыстады.

Сондай-ақ, аудандық көпбейінді орталық ауруханасының бас дәрігері Марат Ршымбетов бірқатар сала қызметкерлеріне Қызылорда облыстық денсаулық сақтау басқармасының «Құрмет грамотасы» мен «Алғыс хатын» табыстап, олардың денсаулық сақтау саласындағы жемісті еңбектерін атап өтті.

Шара соңында аудандық аурухана қызметкерлері мен аудандық мәдениет үйінің өнерпаздары дайындаған концерттік бағдарлама ұсынылып, мерекелік кеш көтеріңкі көңіл-күймен қорытындыланды.
18 маусым 2026 ж. 38 0