Соңғы жаңалықтар

№26 (8940) 11

11 сәуір 2026 ж.

№25 (8939) 7

07 сәуір 2026 ж.

№24 (8938) 4

04 сәуір 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930 
» » БАР МЕЙІРІМІМІЗ БАЛАЛАРҒА

БАР МЕЙІРІМІМІЗ БАЛАЛАРҒА


1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күні. Жайма шуақ жаздың бірінші күніне дәл келетін балаларды қорғау күні – халықаралық мерекелердің бірі, оны бүкіл әлемде атап өтеді. Қай халықтың болмасын елдігін, салт-дәстүрін, ата-мекенін болашаққа апаратын бүгінгі жас ұрпағы. Дүниеде баладан асыл, сәбидің күлкісінен қымбат қазына жоқ. Бала – біздің болашағымыз, еліміздің ертеңі.
Мереке қарсаңында аудандық партия филиалының төрағасы Арман Әбілпейсұлы «Бақытты отбасы» партиялық жобасы аясында «Бірлік» БПҰ-ғы «Қызғалдақ» балабақшасында болды. Балабақшаға арнайы барған филиал төрағасы Арман Мажитов пен аудандық мәслихат депутаты Бақыт Берділлаев бүлдіршіндерді мерекемен құттықтап қана қоймай қажетті логопедиялық сабақтарға арналған ойыншықтар табыстады.
Бүгінгі бала елдің ертеңі, болашағы, ұлттың жалғасы. Өскелең ұрпақ елдің ертеңгі тізгінін ұстар азаматтары. Бар жақсылығын балаларына көрсетіп, олардың жан-жақты тәрбиелі, саналы болып ержетуіне қамқорлығын аямайтын мемлекеттің болашағы да жарқын болары анық.
30 мамыр 2025 ж. 208 0