Құрылтай

№52 (8966) 14

14 шілде 2026 ж.

№51 (8965) 9

09 шілде 2026 ж.

№50 (8964) 4

04 шілде 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 
» » АУЫЛМЕН КЕЗДЕСУ – ХАЛЫҚ ҮНІНЕ ҚҰЛАҚ АСУ

АУЫЛМЕН КЕЗДЕСУ – ХАЛЫҚ ҮНІНЕ ҚҰЛАҚ АСУ


Екпінді ауылдық округінде облыстық мәслихаттағы «AMANAT» партиясы депутаттық фракциясының мүшесі Ысқақ Жанкелді Ойшыұлы ауыл тұрғындарымен кездесіп, азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады.

Кездесу барысында ауыл тұрғындары өздерін толғандырған бірқатар маңызды мәселелерді көтерді. Атап айтқанда, ауылішілік жолдардың жай-күйі, ауыз су, әлеуметтік қолдау, жастарды жұмыспен қамту, инфрақұрылымды жаңғырту және ауылдың дамуына қатысты ұсыныстар кеңінен талқыланды.
Әрбір тұрғынның өтініші мен ұсынысына ерекше назар аударылып, көтерілген мәселелердің заң аясында шешілу жолдары қарастырылатыны жеткізілді. Сонымен қатар, халықпен тұрақты байланыс орнату мен елдің сенімін ақтау – басты міндет екені айтылды.
Осындай кездесулер – ауыл тұрғындарының көкейіндегі сауалдарға жауап беріп қана қоймай, нақты мәселелердің оң шешім табуына ықпал ететін маңызды алаң. Себебі халықтың үніне құлақ асып, елмен бірге болу – нәтижелі жұмыстың негізі.
Екпінді ауылдық округіндегі бұл кездесу – тұрғындар сеніміне сергек қарап, ел мүддесі жолында жүйелі жұмыс жүргізудің нақты көрінісі болды.

#AMANAT
#Жаңақорған
#Екпінді
#АуылменКездесу
#ХалықҮні
21 мамыр 2026 ж. 56 0