» » ХАЛЫҚПЕН КЕЗДЕСУ – МӘСЕЛЕНІ ШЕШУДІҢ ТИІМДІ ЖОЛЫ

ХАЛЫҚПЕН КЕЗДЕСУ – МӘСЕЛЕНІ ШЕШУДІҢ ТИІМДІ ЖОЛЫ



Жаңақорған ауданы, Келінтөбе ауылдық округінде Қызылорда облыстық мәслихат депутаты, облыстық мәслихаттағы «AMANAT» партиясы депутаттық фракциясының мүшесі Ысқақ Жанкелді Ойшыұлы және Бибасарова Лаура ауыл тұрғындарымен кездесу өткізді.Кездесудің негізгі мақсаты – елді мекендердегі әлеуметтік және қоғамдық маңызы бар мәселелерді талқылап, олардың шешілу жолдарын қарастыру, тұрғындарға бағыт-бағдар беру болды.
Жиын барысында депутат сайлауалды бағдарламасы аясында атқарылып жатқан жұмыстарға кеңінен тоқталып, алдағы жоспарларымен бөлісті. Сонымен қатар, ауыл тұрғындарының ұсыныс-пікірлерін тыңдап, көтерілген өзекті мәселелерді назарға алды.
Халықпен ашық диалог орнату – сенім мен нәтижелі жұмыстың кепілі. Осындай кездесулер арқылы тұрғындардың үні естіліп, нақты мәселелердің шешім табуына жол ашылуда.

#AMANAT
13 сәуір 2026 ж. 35 0