МОБИЛЬДІ ҚАБЫЛДАУ – ХАЛЫҚ МҮДДЕСІНЕ БАСТАР ЖОЛ

Жаңақорған ауданы, Жаманбай батыр ауылдық округінде Қызылорда облыстық мәслихаттағы «AMANAT» партиясы депутаттық фракциясының мүшесі Ысқақ Жанкелді Ойшыұлы ауыл тұрғындарымен мобильді қоғамдық қабылдау өткізді.
Кездесудің басты мақсаты – ауыл халқының мұң-мұқтажын тыңдап, көпшілікті толғандырған мәселелердің шешу жолдарын қарастыру, тұрғындармен ашық әрі нәтижелі байланыс орнату болды.
Қабылдау барысында ауыл тұрғындары инфрақұрылым, жол, ауыз су, әлеуметтік қолдау, жұмыспен қамту секілді бірқатар маңызды мәселелерді көтеріп, ұсыныс-пікірлерін ортаға салды. Әрбір мәселе назардан тыс қалмай, заң аясында түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, тиісті салаларға жолданатын болды.
Сонымен қатар, депутат сайлауалды бағдарлама аясында атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталып, алдағы кезеңде жүзеге асатын жоспарлар жөнінде кеңінен баяндады. Елмен етене араласып, халықтың талап-тілегін тыңдау – депутаттық қызметтің басты міндеті екенін атап өтті.
Мұндай мобильді қабылдаулар – тұрғындар мен билік арасындағы алтын көпір. Себебі халықтың үніне құлақ асып, нақты мәселеге дер кезінде назар аудару – ел сенімін нығайтудың ең тиімді жолы.
Халықпен бірге болу – жауапкершілік.
Халық сөзін тыңдау – аманат.
Ал ел игілігі жолындағы еңбек – ортақ міндет.
#AMANAT
#Жаңақорған
#МобильдіҚабылдау #ХалықҮнінеҚұлақ




