№41 (8955) 2

02 маусым 2026 ж.

№40 (8954) 30

30 мамыр 2026 ж.

№39 (8953) 26

26 мамыр 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
» » ХАЛЫҚПЕН БЕТПЕ-БЕТ КЕЗДЕСУ – НӘТИЖЕЛІ ІСТІҢ БАСТАУЫ

ХАЛЫҚПЕН БЕТПЕ-БЕТ КЕЗДЕСУ – НӘТИЖЕЛІ ІСТІҢ БАСТАУЫ



Қыраш ауылдық округінде облыстық мәслихаттағы «AMANAT» партиясы депутаттық фракциясының мүшесі Ысқақ Жанкелді Ойшыұлы ауыл тұрғындарымен арнайы кездесу өткізіп, азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады.
Кездесу барысында ауыл халқы көкейде жүрген бірқатар өзекті мәселелерді көтерді. Атап айтқанда, ауыл инфрақұрылымын дамыту, көше жөндеу, ауыз су, жастарды жұмыспен қамту, әлеуметтік қолдау және елді мекеннің алдағы дамуына қатысты ұсыныстар ортаға салынды.
Депутат әрбір тұрғынның пікіріне ерекше мән беріп, көтерілген мәселелердің кезең-кезеңімен шешілу жолдары қарастырылатынын жеткізді. Сонымен қатар, халықтың аманаты мен сенімі әрдайым басты назарда екенін атап өтті.
Мұндай ашық форматтағы кездесулер – тұрғындар мен жауапты тұлғалар арасындағы байланысты нығайтып қана қоймай, ауылдың тыныс-тіршілігін тереңірек түсінуге мүмкіндік береді. Себебі елдің дамуы – халықтың үні естілген жерде басталады.
Қыраш ауылындағы бұл кездесу – елмен етене араласудың, тұрғындар талабына сергек қараудың және нақты іске негізделген жүйелі жұмыстың жарқын көрінісі болды.
Халықтың сенімі – ең үлкен жауапкершілік. Ал сол сенімге қызмет ету – басты міндет.

#AMANAT
#Жаңақорған
#Қыраш
#ХалықпенКездесу
#ХалықҮні
21 мамыр 2026 ж. 21 0