№33 (8947) 5

05 мамыр 2026 ж.

№32 (8946) 1

01 мамыр 2026 ж.

№31 (8945) 28

28 сәуір 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031
» » ХАЛЫҚПЕН ЖҮЗДЕСУ – ДАМУДЫҢ ДӘРЕГІ

ХАЛЫҚПЕН ЖҮЗДЕСУ – ДАМУДЫҢ ДӘРЕГІ


Жаңақорған аудандық мәслихаттағы «AMANAT» партиясы депутаттық фракциясының мүшесі Жаңабек Тұрлыбеков және аудандық «AMANAT» партиясының төрағасы Арман Мажитов Қосүйеңкі ауылдық округінің тұрғындарымен ашық форматтағы кездесу өткізді. Жиын елді мекеннің бүгінгі жағдайы мен алдағы даму бағыттарын саралауға арналды.
Кездесу барысында партияның сайлауалды бағдарламасы шеңберінде атқарылып жатқан нақты жұмыстар мен Жол картасының орындалу деңгейі жан-жақты баяндалды. Ауыл инфрақұрылымын жаңғырту, жол, жарық, ауызсу сапасын жақсарту, әлеуметтік саланы дамыту бағытындағы жоспарлар кеңінен түсіндірілді.
Тұрғындар тарапынан ауыл ішіндегі өзекті мәселелер көтеріліп, ұсыныс-пікірлер ашық айтылды. Әсіресе жұмыс орындарын көбейту, жастарды қолдау, шағын кәсіпкерлікті дамыту және әлеуметтік нысандардың жағдайы жөнінде нақты сұрақтар қойылды.
Жиында сөз алған Жаңабек Тұрлыбеков көтерілген әрбір мәселенің назардан тыс қалмайтынын атап өтіп:
– Халықтың сенімі – тек сөзбен емес, нақты іспен дәлелденетін үлкен жауапкершілік. Жол картасындағы әрбір бағыттың орындалуы тұрақты бақылауда болады, – деді.
Кездесу еркін пікір алмасу түрінде өтіп, ауыл тұрғындары мен жауапты өкілдер арасында ашық диалог қалыптасты. Мұндай жүздесулер ел ішіндегі өзекті мәселелерді дер кезінде анықтап, тиімді шешім қабылдауға мүмкіндік береді.Халық үні естілген жерде – нақты нәтиже бар.

#AMANAT
05 мамыр 2026 ж. 40 0