ХАЛЫҚ СЕНІМІ – ӘРБІР БАСТАМАНЫҢ БАСТЫ БАҒДАРЫ

Бүгін «Сунақата» бастауыш партия ұйымында мазмұнды кездесу болып өтті. Атаулы жиынға Жаңақорған аудандық мәслихаттағы депутаттық фракция мүшесі Юнусов Азатбек Оразайұлы қатысып, бастауыш партия ұйымымен ашық пікір алмасып, олардың ұсыныстары мен сауалдарына жауап берді.
Кездесу барысында «AMANAT» партиясының сайлауалды бағдарламасы аясында жүзеге асырылып жатқан Жол картасының орындалу барысы кеңінен таныстырылды. Ауылдың әлеуметтік-экономикалық дамуы, инфрақұрылымды жаңғырту, көшелерді абаттандыру, инженерлік желілердің жағдайын жақсарту, жұмыспен қамту және кәсіпкерлікті қолдау бағытында атқарылған жұмыстар мен алдағы жоспарлар жөнінде жан-жақты ақпарат берілді.
Тұрғындар тарапынан көтерілген мәселелер назардан тыс қалмай, әрбір сауал бойынша тиісті түсіндірмелер жасалды. Ауылдың келешегіне қатысты тың ұсыныстар айтылып, оларды жүзеге асырудың мүмкіндіктері талқыланды. Ашық әрі еркін форматта өткен жүздесу халық пен депутат арасындағы өзара сенімді нығайтып, маңызды мәселелерді ортақ талқылауға мүмкіндік берді.
Жиын қорытындысында бастауыш партия ұйымы мүшелері пікірлері мен ұсыныстары алдағы жұмыстарды жоспарлауда ескерілетіні атап өтілді. Халықтың талап-тілегіне сүйене отырып, елді мекеннің өркендеуіне бағытталған жұмыстар алдағы уақытта да жүйелі түрде жалғасын табатын болады.
#AMANAT




