Құрылтай

№52 (8966) 14

14 шілде 2026 ж.

№51 (8965) 9

09 шілде 2026 ж.

№50 (8964) 4

04 шілде 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 
» » АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТ ДЕПУТАТЫ ЖАМАНБАЙ БАТЫР АУЫЛЫ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ

АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТ ДЕПУТАТЫ ЖАМАНБАЙ БАТЫР АУЫЛЫ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ



Бүгін Жаңақорған аудандық мәслихатындағы «AMANAT» партиясы депутаттық фракциясының мүшесі, аудандық «Мансап» орталығының директоры Тұрлыбеков Жаңабек Оразбекұлы Жаманбай батыр ауылының тұрғындарымен кездесті.

Кездесу барысында ауыл тұрғындары өздерін толғандырған өзекті мәселелерді көтеріп, ұсыныс-пікірлерін ортаға салды. Атап айтқанда, жұмыспен қамту, әлеуметтік қолдау, инфрақұрылым және ауылдың даму бағыттарына қатысты сұрақтар талқыланды.

Депутат көтерілген мәселелердің әрқайсысын назарға алып, заң аясында тиісті жұмыстар жүргізілетінін жеткізді. Сонымен қатар, кейбір сұрақтар бойынша нақты түсіндірме беріліп, жауапты мекемелермен бірлесіп шешу жолдары қарастырылатыны айтылды.

Кездесу ашық диалог форматында өтіп, тұрғындар тарапынан қойылған сұрақтарға толыққанды жауаптар берілді.
27 наурыз 2026 ж. 84 0