№33 (8947) 5

05 мамыр 2026 ж.

№32 (8946) 1

01 мамыр 2026 ж.

№31 (8945) 28

28 сәуір 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031
» » ЕЛ МҮДДЕСІ – ЕҢ БИІК ҰСТАНЫМ

ЕЛ МҮДДЕСІ – ЕҢ БИІК ҰСТАНЫМ



Жаңақорған аудандық мәслихатындағы «AMANAT» партиясы депутаттық фракциясының жетекшісі Лаура Бибасарова «Төменарық» бастауыш партия ұйымының мүшелерімен ашық форматтағы кездесу өткізіп, ауыл өміріндегі өзекті мәселелерді жан-жақты талқылады.
Кездесуде мемлекет тарапынан жүзеге асырылып жатқан «Ауыл аманаты», «Жер аманаты» сынды маңызды бағдарламалардың орындалу барысы сөз болып, олардың ауыл тұрғындарының тұрмыс сапасын арттырудағы нақты әсері сараланды. Сондай-ақ партияның өңірді дамытуға бағытталған жобалары мен алдағы кезеңге жоспарланған жұмыстар кеңінен түсіндірілді.
Кездесу барысында елді мекен инфрақұрылымын жаңарту, әлеуметтік қолдау шараларын күшейту, жұмыс орындарын көбейту және тұрғындардың күнделікті өмір сапасын жақсарту бағытындағы ұсыныстар мен өтініштер тыңдалды. Әрбір көтерілген мәселе назарға алынып, заң аясында түсіндірмелер беріліп, шешу жолдары қарастырылды.
Халықпен кері байланысты күшейту, ашық диалог орнату – ел дамуының басты тетігі екені атап өтілді. Сонымен қатар, айтылған ұсыныстар кезең-кезеңімен бақылауға алынып, нақты нәтижеге бағытталған жүйелі жұмыстар жалғасатыны жеткізілді.
Осындай мазмұнды кездесулер – тек пікір алмасу алаңы ғана емес, халықтың мұң-мұқтажын билікке жеткізіп, ортақ шешімге келудің тиімді жолы. Ел сенімі – ең үлкен жауапкершілік.

#AMANAT
29 сәуір 2026 ж. 40 0