Соңғы жаңалықтар

№37 (8951) 19

19 мамыр 2026 ж.

№36 (8950) 16

16 мамыр 2026 ж.

№35 (8949) 13

13 мамыр 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031
» » ҚЫЗЫЛОРДАДА «МУЗЕЙ ТҮНІ - 2026» КЕҢ КӨЛЕМДЕ АТАЛЫП ӨТТІ

ҚЫЗЫЛОРДАДА «МУЗЕЙ ТҮНІ - 2026» КЕҢ КӨЛЕМДЕ АТАЛЫП ӨТТІ



Жыл сайын 18 мамырда Халықаралық музей күні атап өтіледі. Атаулы күн 1977 жылы Халықаралық музейлер кеңесінің Бас конференциясында бекітілген. Материалдық және рухани мұраны сақтай отырып, әлем музейлері мәдениет, білім және ағартушылық орталықтарына айналып отыр. Осыған орай бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметі ұйымдастырған көшпелі брифинг барысында облыстық тарихи өлкетану музейінің басшысы Нұрмат Мансұр атаулы күннің маңызына кеңінен тоқталып, БАҚ өкілдерінің сұрақтарына жауап берді.
- Музей - өткен мен бүгінді жалғайтын алтын көпір. Бұл жерде халқымыздың тарихынан, бабаларымыздың тағдырлы жолынан сыр шертетін баға жетпес құнды жәдігерлер сақталған. Әрбір экспонат - тұтас бір дәуірдің үнсіз куәсі, ұлт жадын жаңғыртатын рухани мұра. Сондықтан музей тек тарихи орын ғана емес, жас ұрпақтың танымын кеңейтетін, ұлттық құндылықтарды дәріптейтін маңызды мәдени орталық. «МУЗЕЙ ТҮНІ - 2026» шарасы бүгінде дәстүрлі мәдени жобаға айналды. Жыл сайын бұл кешке қызығушылық танытушылар саны артып келеді. Биыл да Халықаралық музейлер күніне орай арнайы апталық жоспар бекітіліп, соның аясында «Музейдегі бір күн», «Музейге сый» акциялары, жас өлкетанушылар байқауы, музей мамандары мен ғалымдарының қатысуымен семинарлар мен танымдық кездесулер өткізілді. Бұл бастамалардың барлығы халықтың музейге деген қызығушылығын арттырып, тарихи мұраға құрметті қалыптастыруға бағытталған. Мерекелік күн мемлекет және қоғам қайраткері, Қазақ КСР Мәдениет министрі, тарихшы-этнограф Өзбекәлі Жәнібековтің 95 жылдығына арналған «Ұлт рухын ұлықтаған тұлға» атты көрменің ашылуымен басталды. Көрмеде қайраткердің ел мәдениетін дамытудағы өлшеусіз еңбегі мен тарихи мұраны сақтау жолындағы қызметі кеңінен таныстырылды. Өздеріңіз куә болып отырғандай, бүгін музей аумағы үлкен мәдени кеңістікке айналды. Этноауыл, көрме-жәрмеңкелер, ұлттық ойындар, шығармашылық алаңдар, музыкалық бағдарламалар келушілерге ерекше әсер сыйлауда. Қала тұрғындары мен қонақтары музей залдарындағы экспозициялармен танысып, тарих пен мәдениеттің терең мазмұнын сезіне алады ,- деді Нұрмат Абдуллаұлы.
19 мамыр 2026 ж. 27 0