№71 (8985) 19

19 қыркүйек 2026 ж.

№70 (8984) 15

15 қыркүйек 2026 ж.

№69 (8983) 12

12 қыркүйек 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
» » ТАРИХТА ТАҢБАЛАНҒАН ӘУЛИЕАТА ТҰЛҒАЛАРЫ...

ТАРИХТА ТАҢБАЛАНҒАН ӘУЛИЕАТА ТҰЛҒАЛАРЫ...



Үстіміздегі жылдың 23 ақпан күні Жаңақорған аудандық тарихи-өлкетану музейінде «Музей TOUR: экспонаттар экспедициясы» жобасы аясында, Жамбыл облыстық тарихи-өлкетану музейінің 95 жылдығына және ел жадында өшпес із қалдырған ұлы тұлғалардың мерейтойларына орай «Тарихта таңбаланған Әулиеата тұлғалары» атты көшпелі көрменің ашылу рәсімі өтті.
Көрменің ашылу салтанатына зиялы қауым өкілдері, студенттер мен оқушылар және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.
Көрменің мақсаты – Жаңақорған ауданының тұрғындары мен қонақтарын ұлттық тарихымыздың асыл қазыналарымен қауыштыру, елдік пен ерліктің, өнер мен еңбектің символына айналған тұлғалардың өнегелі мұрасын дәріптеу, жас ұрпақтың тарихи санасын тереңдетіп, отансүйгіштік рухты нығайту.
Көрмеде Жамбыл өңірінен шыққан біртуар перзенттердің өмірі мен шығармашылығын айғақтайтын құнды жәдігерлер көпшілік назарына ұсынылды.


		</div>	

		<div class=
02 наурыз 2026 ж. 680 0