№36 (8950) 16

16 мамыр 2026 ж.

№35 (8949) 13

13 мамыр 2026 ж.

№34 (8948) 9

09 мамыр 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031
» » ЖАҢАҚОРҒАН АУДАНЫНДА ДІНИ-АҒАРТУШЫЛЫҚ БАҒЫТТАҒЫ КЕЗДЕСУЛЕР ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

ЖАҢАҚОРҒАН АУДАНЫНДА ДІНИ-АҒАРТУШЫЛЫҚ БАҒЫТТАҒЫ КЕЗДЕСУЛЕР ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ


Жаңақорған аудандық қоғамдық даму бөлімінің мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы аясында жүзеге асырылып жатқан «Облыс тұрғындары арасында дін қызметкерлерінің қатысуымен діни-ағартушылық жұмыстарын жүргізу» әлеуметтік жобасы негізінде 13–15 мамыр күндері Республикалық ақпараттық-насихат тобының мүшесі Нұрәлі Бақытұлы ауданға арнайы іссапармен келді.


Іссапар барысында аудан көлемінде діни-ағартушылық бағыттағы бірқатар кездесулер мен семинарлар өткізілді. Атап айтқанда, аудан имамдары мен дін қызметкерлеріне арналған семинар ұйымдастырылып, онда деструктивті діни ағымдардың алдын алу, қоғамдағы діни тұрақтылықты сақтау, жастар тәрбиесі және рухани құндылықтарды дәріптеу мәселелері кеңінен талқыланды.

Сонымен қатар, «Айқожа ишан» медресесінде қари шәкірттермен кездесу өтіп, Құран жаттаудың маңыздылығы, дәстүрлі ислам құндылықтары және діни білімнің қоғамдағы орны жөнінде насихат айтылды.

Сапар аясында Құм сахаба мешітінде және Жаңақорған аудандық орталық мешітінде жамағатпен кездесулер өткізіліп, рухани тәрбие, бірлік пен ынтымақ, жат ағымдардың зияны туралы уағыз-насихат жүргізілді.

Бұдан бөлек, «Жаңақорған аграрлы-техникалық колледжі» студенттерімен, аудандық спорт бөлімі қызметкерлері және спортшыларымен арнайы кездесулер ұйымдастырылды. Кездесулер барысында жастар арасында діни сауаттылықты арттыру, ұлттық құндылықтарды дәріптеу және жат идеологиялардың алдын алу мәселелері сөз болды.

Сондай-ақ, Хисамеддин ас-Сығанаки мешітінде жұма уағызы өткізіліп, жамағатқа рухани тәрбие мен адамгершілік құндылықтар жөнінде кеңінен насихат айтылды.

Аталған іс-шаралардың негізгі мақсаты – тұрғындардың діни сауаттылығын арттыру, дәстүрлі рухани құндылықтарды дәріптеу, қоғамдағы тұрақтылық пен бірлікті нығайту.
18 мамыр 2026 ж. 40 0