Соңғы жаңалықтар

№92 (8906) 2

02 желтоқсан 2025 ж.

№91 (8905) 29

29 қараша 2025 ж.

№90 (8904) 25

25 қараша 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031 
» » Жаңақорған ауданында Республикалық ақпараттық-насихаттық тобының мүшесінің қатысуымен ақпараттық-түсіндіру шаралары өтті

Жаңақорған ауданында Республикалық ақпараттық-насихаттық тобының мүшесінің қатысуымен ақпараттық-түсіндіру шаралары өтті



Жаңақорған аудандық қоғамдық даму бөлімінің «Аудан тұрғындары арасында діни экстремизм мен терроризмге қарсы күреске бағытталған шараларды өткізу және діни ахуал туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізуді ұйымдастыру»
әлеуметтік жобасы аясында «Асыл Мұра-Орда» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен 2025 жылғы 22 қыркүйек күні бірқатар маңызды кездесулер өтті.

Кездесулерді Жаңақорған ауданына арнайы шақырылған Республикалық ақпараттық-насихаттық тобының мүшесі Хушкелдиев Жанболат Жұматұрұлы өткізді.
Іс-шаралар аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлерімен, аудан жастарымен, пробация есебінің тізіміндегі азаматтармен жәнеде дін қызметкерлерімен, мешіт жамағаттарымен, тұрғындармен өткізілді.Іс-шаралар барысында рухани құндылықтарға негізделген тәрбие мен қоғамдағы тұрақтылықтың мәні кеңінен әңгімеленіп, сондай-ақ ақпараттық қауіпсіздікті сақтау және рухани иммунитетті қалыптастыру тақырыптары да жан-жақты талқыланды.

Шаралар соңында қатысушылар білікті маманнан сұрақтарына тұшымды жауаптар алды.
23 қыркүйек 2025 ж. 925 0