Еңбек мигрантармен кездесу өткізілді.

Деструктивті діни ағымдардың идеологиясына қарсы тұрақты иммунитет қалыптастыру және қоғамдағы рухани тұрақтылықты нығайту мақсатында еңбек мигранттармен арнайы кездесу ұйымдастырылды.
Кездесуге аудандық полиция бөлімінің көші қон қызмет тобының полиция майоры Н.Абдраимовпен бірлесе отырып аумақтық қорғаныс және төтенше жағдайлардың алдын алу бөлімінің басшысы Ә.Махмутжанов және аудандық қоғамдық даму бөлімінің дінтанушы маманы А.Караматпен қатысушыларға еліміздегі дінаралық келісім мен бейбітшілік қағидаттары түсіндіріліп, дәстүрлі діннің құндылықтары кеңінен насихатталды. Сонымен қатар, жат діни ағымдардың қоғамға тигізер кері әсерлері мен олардың алдын алу жолдары жан-жақты айтылды.
Кездесуде зайырлы мемлекеттің негізгі ұстанымдары таныстырылды және мигранттарға ықпал ету әдістері талқыланып, рухани қауіпсіздікті сақтаудың маңыздылығы атап өтілді.
Бұл кездесу шетелдік азаматтардың қоғамға бейімделуіне, сонымен қатар олардың дәстүрлі рухани құндылықтарға құрметпен қарауына ықпал етті



