АҚҚҰМДА ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕР ТАЛҚЫЛАНДЫ

Елмен етене араласып, халықтың мұң-мұқтажын тыңдау – жауапкершілігі жоғары жұмыстың басты өлшемі. Осы мақсаттағы маңызды кездесулердің бірі Аққұм ауылынла «Кейден» бастауыш партия ұйымында кездесу ұйымдастырылды.
Кездесуге Қызылорда облыстық мәслихаттағы «AMANAT» партиясы депутаттық фракциясының мүшесі Нуридин Егембердіұлы Амитов пен Жаңақорған аудандық мәслихаттағы «AMANAT» партиясы депутаттық фракциясының мүшесі Ақмарал Орманәліқызы Маликова қатысып, еркін форматта пікір алмасты.
Жиын барысында елді мекеннің бүгінгі тынысы, ауылдың әлеуметтік жағдайы, инфрақұрылым мәселелері, жол жөндеу, ауызсу, жастарды жұмыспен қамту және ауылды дамытуға бағытталған жоспарлар кеңінен талқыланды. Сонымен қатар, партияның сайлауалды бағдарламасы мен 2023–2027 жылдарға арналған Жол картасы аясында атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталып, алдағы міндеттер сараланды.
Бастауыш партия ұймы мүшелерінің айтылған ұсыныстар мен көтерілген мәселелер назарға алынып, оларды кезең-кезеңімен шешу бағытында жұмыстар жүргізілетіні айтылды. Ашық әңгіме алаңына айналған кездесуде халық өз ойын еркін жеткізіп, ауыл болашағына қатысты пікірлерін ортаға салды.
Мұндай кездесулер – ел мен халық арасындағы сенімді нығайтып, ортақ мәселелерді бірлесе шешуге жол ашатын маңызды алаң. Өйткені халықтың аманаты мен сенімі – әрдайым басты назарда.
#AMANAT
#Аққұм
#ХалықпенКездесу
#ЖолКартасы
#СайлауалдыБағдарлама




