№33 (8947) 5

05 мамыр 2026 ж.

№32 (8946) 1

01 мамыр 2026 ж.

№31 (8945) 28

28 сәуір 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031
» » Қаһарман елдің қорғаны нық

Қаһарман елдің қорғаны нық


Мемлекетіміздің мықты қорғаны саналар әскер әлеуеті қай қоғамда да маңызды. Отан қорғаушылар күні болып белгіленген қастерлі күні біз Жаңақорған аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлім басшысы, подполковник Қуандықов Жолдасбек Әбдібекұлына арнайы барып жолығып, сұхбаттасуды жөн көрдік.


Ол мерекенің мемлекеттік статусының мән-маңызына тоқтала келе, осы күнге белгіленіп отырған іс-шараларға тоқталды.
– Қай кезде де елдің қорғаныс әлеуеті оның әскери арсеналымен қуатты. Қарулы күштеріміз кез келген уақытта Отанымыздың шекарасын немесе қауіпсіздігін қорғауға дайын. Мұны жауынгерлік жолдан өткен офицер ретінде толық айта аламын. Құрамымыз, әскери әлеуетіміз толығып келеді. Сарбаздарымыздың әскери күш-қуаты, рухы қашанда жоғары. Рухы жоқ әскер жеңіске жете алмайды. Біздің сарбаздарымыз өзіне жүктелген тапсырмаларды мүлтіксіз орындап келеді.
– Әскерге көктемгі шақыру мерзімі басталды. Бұл бағытта аудан өмірінде аяқтан шалатын кедергілер бар ма? Осы орайда өзіңіз әскери азамат ретінде жас ұландарға қандай кеңес айтар едіңіз?
– Нақ бүгіндері Қарулы Күштер командасына сарбаздарды жасақтап жатырмыз. Әскер қатарына шақырылған ұландар солдат сапына қойылатын талаптардан өтуде толық өз басына жауап бере алатын деңгейден таныла білсе ешқандай мәселе туындауы мүмкін емес. Бұған әр азамат саналы түрғыдан дайын болу керек. Ұл бала дүниеге келгенде өмірге атұстарым келді деп қуанатын әр ата-ана баласы ер жеткенде оның ел қорғаны бола алатындай қалыптасып, білімді де, білікті болуын қаласа, қатарынан қалдырмай әскер қатарына жібергені дұрыс.
Биылғы көктемгі шақыруға біздің ауданға берілген міндеттеме 50 пайыздан жоғары орындалды. Жұмыс әлі жалғасуда. Нақтылап айтқанда, 80 сарбаз аттанды­руға тиіс болсақ, 45 жас жауынгер сапында әскери міндеттіліктерін өтеуге кірісіп кетті.
Өмірдерегіңіз жөнінде де тоқталып өтсеңіз...
– Мен Түркістан облысы, Темір орта мектебін тәмамдадым. 2005 жылы Алматы қаласындағы Халық қаһарманы Сағадат Нұрмағанбетов атындағы Құрлық әскерлері Әскери институтының ракета және артиллерия мамандығын оқып бітірдім. 2009 жылдан 2021 жылға дейін әскери бөлімдерде жұмыс атқарып, взвод командирінен батарея командиріне дейін қызметтік жолдан өттім. 2021 жылы Бас штабтың бұйрығымен Шиелі аудандық қорғаныс бөлімі бастығының орынбасары лауазымына тағайындалдым. 2025 жылдың қараша айында Бас штабтың бұйрығымен Жаңақорған қорғаныс істері бөлімінің бастығы болып осы ауданға келдім.
– Енді бүгінгі көкейтесті бір сауал, әскердегі әлімжеттік мәселесі туралы не айтасыз?
– Еліміздің әскер сапында азаматтық борышын өтеп жатқан жүз мыңдай жауынгердің жүз түрлі мінезі болуы мүмкін. Жас буынға айтарым, қай жерде ұстамдылық, тәртіпті бірінші орынға қойып, бұйрықты орындағанда оғаш оқиға орын алуы мүмкін емес. Бұл жерде ой-өрістің кеңдігі, өз- өзін жетілдіру мәселесі маңызды. Тереңнен ойлай білген тектілік пен тентектіктің ара жігін ажырата алады. Барлық жағдайда салмақты көзқарас таныту қажет. Жігітке табандылық жарасады.
Әскери қызметте жоғарыдан келген тапсырманы орындау керек пе, немесе кейінге қалдыру деген талқылау болмайды. Бұйрық тек орындалуы тиіс.
Бөлім басшысы осылай дейді. Ал туған жердің патриот ұландарын тәрбиелеу тал бесіктегі тәлімнен бастау алады. Олай болса бұл міндет барлығымыздың мойнымызға сын болатынын ұмытпайық.
Төл мерекелеріңіз құтты болсын, тарландар!

Баян ҮСЕЙІНОВА
05 мамыр 2026 ж. 45 0