» » Қаһарман елдің қорғаны нық

Қаһарман елдің қорғаны нық


Мемлекетіміздің мықты қорғаны саналар әскер әлеуеті қай қоғамда да маңызды. Дегенмен кешеге дейін кеңестік әскердің алғаш құрылған кезеңімен орайласып келген кәсіби атаулы күн егемен еліміздің еншісіндегі төл мереке ретінде жаңаша белгіленіп, 12 қыркүйекке ауыстырылды.

 12 қыркүйек – Жергілікті әскери қорғаныс күнінің құрылған күні болып белгіленді. Мереке қарсаңында Жаңବқорған ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің бастығы, подполь¬ковник Нұрбол Есенәлиевке жолығып, сұхбат алған едік. Ол алғаш белгіленіп отырған төл мерекенің мекеменің мемлекеттік статусын тіктейтін мән-маңызына тоқтала келе, атаулы күн оетінде аудандық мәдениет бөлімімен бірігіп, мерекелік іс-шаралар белгіленіп отырғанын айтты.

– Қай кезде болсын елдің қорғаныс әлеуеті оның әскери арсеналымен қуатты. Қарулы күштеріміз кез-келген уақытта Отанның шекарасын немесе қауіпсіздігін қорғауға дайын. Мұны жауынгерлік жолдан өткен офицер ретінде толық айта аламын. Құрамымыз, әскери әлеуетіміз толығып келеді. Сарбаздарымыздың әскери күш-қуаты, рухы әрқашанда жоғары. Рухы жоқ әскер жеңіске жете алмайды. Біздің сарбаздарымыз өзіне жүктелген тап¬сырмаларды құрылған күннен бастап бүгінгі күнге дейін мүлтіксіз орындап келе жатыр.

– Әскерге күзгі шақыру мер¬зімі басталды. Бұл бағытта ау¬дан өмірінде аяқтан шалатын ке-дергілер кездесті ме?

– Әскер қатарына шақырылған ұландар солдат сапына тізілетін талаптардан өтуде толық өз басына жауап бере алатын деңгейден таныла білсе ешқандай мәселенің туындауы мүмкін емес. Бұған әр азамат саналық тұрғыдан дайын болуы керек. Ұл бала дүниеге келгенде өмірге атұстарымыз келді деп қуанатын әр ата-ана баласы ер жеткенде оның ел қорғаны бола алатындай дәрежеде қалыптасып, бі¬лімді де, білекті болуын қаласа қа¬тарынан қалдырмай, әскер қатарына жібергені дұрыс.

Биылғы көктемгі шақыруда біздің ауданға берілген міндеттемеден асыра орындап, 99-дың орнына 114-ке орындап, 115 пайызға артық көрсеткішпен шықтық. Қазір күзгі шақыру науқаны басталды. Осы бағытта қызметкерлеріміз қызу іске кірісіп кетті.

Мекемеде жалпы саны 19 қызметкер әскерге шақыру науқанында толық жұмыла жұмыс жасайды. Тиісті аза¬маттар атқарсын, бұл менің тікелей міндетім емес деп селқос қарау психологиясынан мүлде аулақ, ұжым болып бір кісідей атсалысып, өздері жетік білетін аудан аумағында әскер жасындағылармен ашық жариялы жұ¬мыс жасауы нәтижесінде ортақ табысқа жетудеміз. Осы орайда бөлім¬шедегі арнайы мамандарымыз Ерік Ахметов, Нүркен Баянбайұлы, Мұхтар Бахрамовтардың жан-жақты зерде¬леу, насихат жұмыстары да жауапты науқанға тың серпін беріп тұр деп айта аламын.

Енді күзгі шақыру науқаны бастал¬ды. Маңғыстау облысына бірінші коман¬даны кеше шығарып салдық. Жоспарға сәйкес екінші команда жасақталып, комиссиядан өтіп жатыр, – деді ол.

Әскери қызметте жоғарыдан келген тапсырманы орындау керек пе, неме¬се кейінге қалдыру деген талқылау болмайды. Бұйрық тек орындалуға тиіс. Мен өзім басшы ретінде жоғарының маған көрсеткен сенімін ақтауым керек. Екіншіден, берілген тапсырманы нақтылы орындауым керек. Одан да маңызды мәселе, аудан абыройына кір келтіретін келеңсіздіктің алдын алып, қандай төтенше оқиғаларға та¬бандылықпен тік тұра білуге тиіспін. Берілген тапсырма орындалмаса жеке атымнан бұрын Жаңақорған ауданы абыройына көлеңке түсетінін жақсы түсінемін. Сондықтан барлық күш-қуа¬тымды осы жолға арнаймын.

Бөлім басшысы осылай дейді. Ия, туған жердің патриот ұландарын тәр¬биелеу тал бесіктегі тәлімнен бастау алады. Олай болса бұл міндет барлы¬ғымыздың мойнымызға сын болатынын ұмытпайық.
Төл мерекелерініз құтты болсын, тарландар!

Баян АЛАУДИНҚЫЗЫ
06 мамыр 2023 ж. 250 0