Соңғы жаңалықтар

№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » » Қуатты әскер – ел қорғаны

Қуатты әскер – ел қорғаны

Заман жаһанданған сайын кез келген мемлекеттің  қарулы күштері күшейіп, қуатты әскери елге айнала бастады. Бүтіндей елдің қорғаны болған әскердің іргетасы бекем болуы болашағының алаңсыз болуына үміт бере алады. Сондықтан біздің елдің де келешегіне кепіл болатын жас ұрпақтың бойына патриоттық рух, отансүйгіштік қасиет дарыту үлкен жауапкершілікті жүктейді. Бұл бағытта жауапты сала мамандарының еңбегі ұшан-теңіз деуге болады. Осыған орай, бүгін біз кезекті мәрте аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің басшысы, подполковник Нұрбол Есенәлиевпен әңгіме өрбіттік.
Жыл басындағы дерек бойынша, Қазақстан әскері Орталық Азияда үздік деп танылды. Global Firepower-2024 әскери күшінің дүниежүзілік рейтингінде бес орынға көтерілді. 2023 жылы Қазақстан 63-орынға ие болған болса, биыл 58 орынға жайғасыппыз. Сарапшылар 145 елді 60 түрлі фактор бойынша бағалады: әскери бөлімшелер саны, қаржылық жағдайы, технологиялық дамуы, географиялық орналасуы және ұтқырлығы және тағы басқа қасиеттерін саралаған. Ал, Орталық Азияда үздік деп танылдық. Бұл өте көремет көрсетікіш. Айта кетейік, әскери күші ең жоғары үш елге АҚШ, Ресей және Қытай кірді. Рейтингтің ең соңын Бутан мемлекеті түйіндеді.
– Қандай қоғамда болсын елдің қорғаныс әлеуеті, қауіпсіздігі оның әскерінің қуатымен өлшенеді. Оны әлемдегі орын алып жатқан сұрапыл соғыстардың саладрынан аңғара беруге болады. Біздің қарулы күштеріміз кез-келген уақытта Отанның шекарасын немесе қауіпсіздігін қорғауға дайын. Мұны жауынгерлік жолдан өткен офицер ретінде толық айта аламын. Жыл сайын әскери әлеуетіміз артып, құрам қайта толығып келеді. Шыны керек, қазақ сарбаздарының әскери күш-қуаты, рухы мен беделі әрқашанда жоғары. Біздің жауынгерлеріміз өзіне жүктелген тапсырмаларды құрылған күннен бастап бүгінгі күнге дейін мүлтіксіз орындап келеді. Бұл өскелең жастарға өнеге болады, – деді подполковник.
Жауапты сала басшысы әрбір сұхбатында жас жігіттерді Отан алдындағы міндетін, борышын абыроймен атқаруға шақырып жүр. Әскерге бару тек әскер қатарын толықтырып немесе белгілі мамандыққа дайындық деп қарау дұрыс емес дейді. Бұл бірінші ер-азаматтық азаматтық болмыс-бітімін бекітіп, ұлттық рухын оятады. Ел мен жерге, ұлт пен ұлға, қарындасқа қорған болатын тұлға қалыптастыруды көздейді. Сондықтан жылына жас өскінді екі рет әскерге шақыру науқаны жүргізіледі.
– Былтыр көктемгі шақыруда біздің ауданға берілген міндеттемеден асыра орындап, 99-дың орнына 114-ке орындап, 115 пайызға артық көрсеткішпен шықтық. Биылғы шақырту науқанынан 106 шақырту болса, 55 жас абыройлы борышын өтеуге аттанды. Күзгі шақыру науқанын да межелі орындадық. Осы бағытта қызметкерлеріміз қызу іске кірісіп кетті. Әскер қатарына шақырылған ұландар солдат сапына тізілетін талаптардан өтуде толық өз басына жауап бере алатын деңгейден таныла білсе ешқандай мәселенің туындауы мүмкін емес. Бұған әр азамат саналық тұрғыдан дайын болуы керек. Ұл бала дүниеге келгенде өмірге атұстарымыз келді деп қуанатын әр ата-ана баласы ер жеткенде оның ел қорғаны бола алатындай дәрежеде қалыптасып, бі¬лімді де, білекті болуын қаласа қа¬тарынан қалдырмай, әскер қатарына жібергені дұрыс, – деді Нұрбол Әбдіәшімұлы.
Жалпы мекемеде жалпы саны 19 қызметкер әскерге шақыру науқанында толық жұмыла жұмыс жасайды. Әскери қызметте жоғарыдан келген тапсырманы орындау керек пе, немесе кейінге қалдыру деген талқылау болмайды. Бұйрық тек орындалуға тиіс. Мен өзім басшы ретінде жоғарының маған көрсеткен сенімін ақтауым керек. Екіншіден, берілген тапсырманы нақтылы орындауым керек. Одан да маңызды мәселе, аудан абыройына кір келтіретін келеңсіздіктің алдын алып, қандай төтенше оқиғаларға табандылықпен тік тұра білуге тиіспін. Берілген тапсырма орындалмаса жеке атымнан бұрын Жаңақорған ауданы абыройына көлеңке түсетінін жақсы түсінемін. Сондықтан барлық күш-қуатымды осы жолға арнаймын деген подполковник әріптестері мен жалпы ерлерін қауымын 7 мамыр – Отан қорғаушылар күнімен құттықтады.
Әли ТЕМІРБЕК
05 мамыр 2024 ж. 284 0