ЖАЗҒЫ ЛАГЕРЬДІҢ ЖАЙЫ ҚАЛАЙ?

Оқу жылының соңғы айына қадам басқан сәтте аудан әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқығын қорғау жөніндегі ведомствоаралық комиссияда жаз маусымындағы балаларды сауықтыру ұйымдарының санитариялық-эпидемиологиялық жағдайы талқыланды.
Комиссия отырысына дейін аудандық санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасының арнайы өкілдері аудан төңірегіндегі 2 лагерьде болып, ондағы дайындық жұмыстарын зерделеді. Зерделеу барысында анықталған кемшіліктер жайында
басқарма басшысы Шынар Айдарова арнайы тоқталып өтті.
– Биылғы жылы облыста эпидемиологиялық ахуал күрделі болып, 24 елді-мекенде кене ошағы есепке алынып отыр. Оның 2 жағдайы Құттықожа және Жаманбай батыр ауылында тіркелген. Осы екі ауылда орналасқан жазғы тынығу лагерінде сақтық шараларын
сақтау, лагерь ауласында және оның 600 метрдегі радиус аймағына санитариялық жұмыстар жүргізу маңызды, – деді басқарма басшысы.
Жаңақорған ауданы бойынша 2 балалар сауықтыру мекемесі Құттықожа ауылында орналасқан «Тау самалы» тынығу лагері және Бесарық ауылында орналасқан «Облыстық олимпиадалар және қосымша білім беру орталығы» Талдысу тынығу лагері жұмыс жасайды.
«Балалардың сауықтыру және санаторий объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық
талаптар» санитариялықьқағидаларын бекіту туралы ҚР ДСМ 2022 жылғы 10 тамыздағы No ҚР ДСМ-78 бұйрығымен реттеледі .
«Тау самалы» тынығу лагері 1989 жылы пайдалануға берілген. Тынығу жайына бейімделген ғимарат күрделі жөндеуді қажет етеді. Жыл сайын жай жөндеу жұмыстары атқарылып келеді. Өткен жылы 8 ауысымда 600 бала демалды.
Басқарма басшысы лагерьдің техникалық паспортында 2 жатын және асхана корпустары қамтылған, әкімшілік және медициналық үй-
жай ғимараты, монша мен аулалық санитарлық қондырғы көрсетілмегенін тілге тиек етті. Әкімшілік
және медициналық үй-жай ғимараты жеке тұрғынның меншігінде екендігі анықталды.
Лагерь аумағында бассейнді жөндеу жұмыстары басталғанын, ойын алаңында жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқанын білдік. «Тау
самалы» асханасынь жалға алушы кәсіпкер анықталмаған, асхана ішіне жөндеу жұмыстары басталмаған. 3 бөлмелі
медициналық кабинеттің жөндеу жұмыстары аяқталмаған.
Сондай-ақ «Облыстық олимпиадалар және қосымша білім беру орталығы» Талдысу тынығу лагерінде асханада, жатын
корпустары мен медициналық кабинеттерінде, кір жуу орнында ағымды жөндеу жұмыстары аяқталмаған. Бассейнге ағымды
жөндеу басталмаған. Мұнда өткен жылы 7 ауысыммен барлығы 2100 бала демалыспен қамтылған.
Сауықтыру науқаны басталарда ауызсу және бассейннен бактериологиялық, санитариялық- химиялық, паразитологиялық зерттеулерге су сынамаларына зерттеу жүргізілетінін, лагерь айналасында 500 метр радиуста іргелес аумақты қоқыстан, шөптен тазарту, үй және жабайы жануарлардан қорғаныш ретінде аумақты қоршау, лагерь ашылар алдында тосқауыл енін қоршау периметрі кемінде 300 метрден кем болмауын, тосқауылды кенеге қарсы өңдеу жүргізу қажеттігін ескертті. «Сауықтыру лагеріне баратын мектеп оқушысына
медициналық анықтамасымен» қабылдауын қадағалау, респираторлық аурулар симптомдары бар және температурасы жоғары
балалар анықталған жағдайда, оларды заңды өкілдері келгенге дейін немесе «жедел жәрдем» бригадасы келгенге дейін оқшаулауды қатаң қадағалау, төсек-орын жабдықтарды камералық дезинфекция әдісімен немесе
химиялық дезинфекциялау құралдарымен жылына бір рет залалсыздандырудан өткізу, әрбір ауысым аяқталған соң кемінде 2 күн лагерь ауласына, барлық үй-жайларға күрделі жинау, тазарту жұмыстарын, шыбын-шіркей, құрт-құмырсқаға қарсы залалсыздандыру-
зарарсыздандыру жұмыстарының сапалы, уақытылы жүргізілуін қатаң қадағалау жайлы хаттар
берілгенін жеткізді.
Комиссия төрағасы Нариман Үсенұлы қос тарапты тыңдап, жіберілген кемшіліктерді таяу арада жойып, әр апта сайын жұмыс нәтижесі жайында хабарлама жасауды міндеттеді.
Мақпал ПӘТЕНОВА




