Құрылтай

№51 (8965) 9

09 шілде 2026 ж.

№50 (8964) 4

04 шілде 2026 ж.

№49 (8963) 30

30 маусым 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 
» » 23 СӘУІР – ҰЛТТЫҚ КІТАП КҮНІ ЖӘНЕ КІТАПХАНАШЫЛАР КҮНІ

23 СӘУІР – ҰЛТТЫҚ КІТАП КҮНІ ЖӘНЕ КІТАПХАНАШЫЛАР КҮНІ



Құрметті кітапсүйер қауым, қадірлі кітапханашылар!
Сіздерді 23 сәуір – Ұлттық кітап күні және кәсіби мереке – Кітапханашылар күнімен шын жүректен құттықтаймын!


Кітап – адамзат өркениетінің баға жетпес қазынасы, рухани байлықтың алтын көпірі. Ал кітапханашылар – сол асыл мұраны сақтап, ұрпақтан-ұрпаққа жеткізуші, білім мен парасаттың шамшырағы.

Сіздердің қажырлы еңбектеріңіздің арқасында оқырман мен кітап арасындағы алтын байланыс үзілмей, қоғамда оқу мәдениеті мен зияткерлік даму кеңінен өріс алып келеді. Әсіресе, жас ұрпақтың кітапқа деген қызығушылығын арттырудағы еңбектеріңіз орасан зор.

Осы айтулы күні баршаңызға зор денсаулық, шығармашылық табыс, толағай жетістіктер тілеймін. Рухани жаңғыру жолындағы еңбектеріңіз еселене берсін!
23 сәуір 2026 ж. 255 0