№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » » Қітапхана қызметкерінің мерекесі

Қітапхана қызметкерінің мерекесі


Жақында «Кітап адамзат баласының баға жатпес асыл қазынасы» тақырыбында аудандық семинар болып өтті. Жиында кітапханашылар өзара тәжірибе алмасып, тың идеялармен бөлісіп, кәсіби шеберліктерін арттырып, атқарылған жұмыстарды ортаға салды.


Кітап – адамзат баласының баға жетпес асыл құндылығы. Білім мен мәдениеттің биік бе­лестеріне жетелейтін тәрбие құралы. Шығыс ойшылы Науаи: «Кітап – ақылына ақы сұрамайтын алтын қазына» десе, Абай атамыз «Танымның бар тамашасы – кітапта, оған қол жеткізу үшін кітап оқудан жалықпа», «Артық ғылым кітапта, ерінбе оқып көруге» деп насихаттайды. Мағыналы сөздерден кітап оқудың кез келген тұлғаны дамытудың қайнар көзі екенін түсінесің. Кітап оқу баланың бос уақытын тиімді ұйымдастырумен қатар адамның ой-өрісін кеңейтіп, білімін арттырады.
Осы мақсатта, ұйымдастырылған семинар «Жақсы көңіл күй-жан­ға қуат» тренингінен басталып, қатысушыларға ерекше көңіл күй сыйлады.
Әдеби кеш жалғасы «Алаш ардақтыла­рын ұлықтау, «Үш бәй­терек, бес арыс» тақырыбында өрбіді. Ең есте қалғаны, атаулы мектеп те­атры «Алжир» оқиғасын кере­мет суреттеді. Семинарға жи­налған жандарға ерекше әсер етіп, көңіл толқытты. Атаулы семинар­дың мақсаты – кітапханашылар­дың кәсіби шеберлігін шыңдай оты­рып, озық тәжірибелерді анық­тау, балалар мен жасөспірімдердің арасында кітап оқу мәдениетін арттыру. Сондай-ақ, кітап адамзат баласының баға жатпес асыл қазынасы екенін ұғындыра отырып, кітап оқуды дамытуды назарға алыпты.
Іс-шара соңында келген қо­нақтар семинардан алған әсерлерін бөлісіп, жаңашыл әдіс-тәсілдерді өз жұмыстарында қолданатында­ры айтып, алғыстарын білдірді.
Мемлекет басшысы. «Кітап – уақыт пен кеңістіктің тынысына толы адамзат ойының жемісі», деді. Ал, Хакім Абай: «Артық ғылым кітапта, Ерінбе оқып көруге», деп кітап оқудың маңызын мензейді. Иа, кітапхана – ғылым мен білімді, көркем ой құндылықтарын, өткен тарихты ұрпақтан-ұрпаққа жеткі­зетін киелі шаңырақ. Кітап үйі ықылым заманнан – парасат ордасы, ел мәдениеті мен әдебиетінің ошағы саналады. Өйткені, ұлттың барлық асыл мұрасын сақтаушы, ұлттық құндылықтарды болашаққа бәз қалпында жеткізуші осы мекен. Демек, рухани жаңғыру дәл осы киелі шаңырақтан бастау алары сөзсіз. Атаулы семинар маңызын кемеңгер жазушы Мұхтар Әуезовтың: «Кітап атаулы досы бола бастаған шақтан былай ғана әрбір жан өзін интеллигент бола бастадым деп санауына болады», деген сөзімен түйіндегіміз келеді.

Ақниет МАДИХАНОВА,
Жаңақорған аудандық білім бөлімінің әдіскері

18 қазан 2023 ж. 948 0