АУЫЛ ХАЛКЫМЕН КЕЗДЕСУ – ЖАУАПКЕРШІЛІК ЖҮГІ


Халықпен кездесу – жай ғана жоспардағы іс-шара емес, бұл ел алдындағы үлкен жауапкершілікті терең сезінетін маңызды сәт.
Осы орайда Төменарық ауылының тұрғындарымен Жаңақорған аудандық мәслихаттағы «AMANAT» партиясы депутаттық фракция жетекшісі Лаура Бибасарова жүздесіп, ауыл халқының көкейінде жүрген өзекті мәселелерді тыңдап, ұсыныс-пікірлеріне ерекше назар аударды.
Кездесу барысында әрбір азаматтың айтқан ойы мен көтерген мәселесі назардан тыс қалмайтыны атап өтілді. Ауыл тұрғындарының тұрмыс-тіршілігі, әлеуметтік жағдайы, инфрақұрылым, жұмыссыздық, білім мен денсаулық саласындағы өзекті түйткілдер ашық әрі нақты талқыланды.
Ең бастысы – халықтың сенімі. Сол сенімді ақтау – басты міндет. Әрбір көтерілген мәселе жүйеленіп, заң аясында өз шешімін табуы үшін тиісті жұмыстар жүргізілетін болады.
Халықпен ашық диалог орнату – әділ қоғам құрудың берік негізі. Сондықтан мұндай кездесулер алдағы уақытта да тұрақты түрде жалғасын табады.
Басты мақсат – әрбір тұрғынның мәселесін тыңдап қана қоймай, нақты нәтиже көрсету. Себебі халықтың әл-ауқаты – мемлекеттің басты өлшемі.
#AMANAT




