№21 (8935) 22

22 наурыз 2026 ж.

№20 (8934) 17

17 наурыз 2026 ж.

№19 (8933) 14

14 наурыз 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » ЖАҢАҚОРҒАНДА «МӨЛДІР БҰЛАҚ» АКЦИЯСЫ АЯСЫНДА ТАЗАЛЫҚ ІС-ШАРАСЫ ӨТТІ

ЖАҢАҚОРҒАНДА «МӨЛДІР БҰЛАҚ» АКЦИЯСЫ АЯСЫНДА ТАЗАЛЫҚ ІС-ШАРАСЫ ӨТТІ


Бүгін Жаңақорған ауданында республикалық «Мөлдір бұлақ» акциясы аясында Қосүйеңкі ауылдық округіндегі «Қайнар» бұлағының аумағында ауқымды тазалық шарасы өтті.

Шараның ашылуында аудан әкімі жиналған жұртшылықты 23 наурыз – Тазару күнімен құттықтап, бұл күннің маңыздылығына тоқталды.
- Баршаңызды 23 наурыз - Тазару күнімен құттықтаймын. Бұл күннің өзіндік мәні ерекше. Ата-бабамыз «Бұлақ көрсең – көзін аш» деп, табиғатты аялауды, су көздерін қорғауды сауапты іс санаған.
Айналаны таза ұстау әр азаматтың парызы. Осындай игі істер арқылы сіздер туған жердің көркеюіне өз үлестеріңізді қосып жатсыздар.
Әрдайым осындай игі бастамалардың басы-қасында жүріп, туған жерімізді бірге көркейте берейік! - деді.

Сондай-ақ, ауылдың қадірлі қариясы Тұрсынбек Мырзахметов ақ батасын беріп, қатысушыларға сәттілік тіледі.

Іс-шара барысында қатысушылар бұлақ көзін ашып, айналасын қоқыстан тазалап, аумақты ретке келтірді.

Сонымен бірге, Қосүйеңкі ауылының кіре-беріс аумағына 300-ден астам ағаш көшеттері отырғызылды.
25 наурыз 2026 ж. 64 0