Соңғы жаңалықтар

№82 (8995) 29

29 қазан 2026 ж.

№81 (8994) 24

24 қазан 2026 ж.

№80 (8993) 20

20 қазан 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30 
» » ЖАҢАҚОРҒАНДЫҚ ЖАСТАР ҚҰТТЫҚОЖА БҰЛАҒЫН ТАЗАРТЫП, КӨЗІН АШТЫ

ЖАҢАҚОРҒАНДЫҚ ЖАСТАР ҚҰТТЫҚОЖА БҰЛАҒЫН ТАЗАРТЫП, КӨЗІН АШТЫ

“Таза Қазақстан” экологиялық тұжырымдамасы аясында “Бұлақ көрсең – көзін аш” атты ұранмен Жаңақорған ауданының жастары Құттықожа баба кесенесі маңындағы бұлақ басында экологиялық тазалық іс-шарасын өткізді.

Тарихи-мәдени мұра нысандарының бірі болып саналатын Құттықожа баба кесенесі аумағында орналасқан бұл бұлақ – Құттықожа елдімекенінің негізгі аяқ су көзі саналады. Жастар өңірдің рухани табиғи құндылығын сақтауға өз үлестерін қосып, бұлақ көзін ашып, айналасын күл-қоқыстан тазартып, шөптерді шауып, қоршауларды әрлеп-сырлады.

Игі іске ұйытқы болған жастарға шара соңында ұлттық тағамдар – бауырсақ, қымыз және қымыран ұсынылды.

Табиғатты аялау мен тарихи орындарды қадірлеуді мақсат еткен бұл бастама жастардың туған жерге деген жанашырлығын айқындай түсті.
18 мамыр 2025 ж. 429 0