Соңғы жаңалықтар

№32 (8846) 30

30 сәуір 2025 ж.

№31 (8845) 29

29 сәуір 2025 ж.

№30 (8844) 26

26 сәуір 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
» » ЖАҢАҚОРҒАН АУДАНЫНДА РЕСПУБЛИКАЛЫҚ СЕНБІЛІК АЯСЫНДА 30 ТОННА ҚОҚЫС ШЫҒАРЫЛДЫ

ЖАҢАҚОРҒАН АУДАНЫНДА РЕСПУБЛИКАЛЫҚ СЕНБІЛІК АЯСЫНДА 30 ТОННА ҚОҚЫС ШЫҒАРЫЛДЫ



2025 жылдың 26 сәуір күні Жаңақорған ауданында «26 сәуір – Республикалық сенбілік күніне» орай кең ауқымды экологиялық тазалық шарасы ұйымдастырылды.
Іс шараны Аудан әкімі Самитов Мажит бастап сөз алып, "Таза Қазақстан" акциясының маңыздылығы мен негізгі мақсатын атап өтті. Сонымен қатар аудандық ақсақалдар кеңесінің төрағасы Тақырбасов Өмірсерік тазалық акциясына қатысушы аудан тұрғындарына ақ батасын беріп, сәттілік тіледі.
Аудан аумағында өткен сенбілікке ардагерлер, этнос өкілдері, жастар, ерікті аудан тұрғындары мен түрлі мекеме ұжымдары белсене қатысып, туған жердің тазалығы үшін бірлесіп еңбек етті. Жалпы аудан бойынша 2000-нан астам тұрғын сенбілікке жұмылдырылды. Сонымен қатар, тазалық жұмыстарын тиімді жүргізу мақсатында 13 арнайы техника тартылып, нәтижесінде 30 тоннаға жуық тұрмыстық қатты қалдықтар белгіленген орындарға шығарылды.
Бұл іс-шара аудан тұрғындарының экологиялық мәдениетін арттырып, табиғатты аялау мен қоршаған ортаны таза ұстауға деген жауапкершілігін нығайтты. Алдағы уақытта да осындай игі бастамалар тұрақты түрде жалғасын табатын болады.
27 сәуір 2025 ж. 575 0