№20 (8934) 17

17 наурыз 2026 ж.

№19 (8933) 14

14 наурыз 2026 ж.

№18 (8932) 7

07 наурыз 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » “ӘЖЕЛЕР САЛҒАН ӘН ҚАНДАЙ”

“ӘЖЕЛЕР САЛҒАН ӘН ҚАНДАЙ”



Облыстық әжелер ансамбльдерінің фестивалі өтті. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ұсынған Наурызнама онкүндігі тұжырымдамасы аясында 2026 жылғы 17 наурыз күні Екпінді ауылдық клубында, 17 наурыз – Мәдениет және ұлттық салт-дәстүр күніне орай «Әжелер салған ән қандай...» атты облыстық әжелер ансамбльдерінің фестивалі өтті.

Фестиваль басталмас бұрын келген қонақтарды Екпінді ауылының әжелері ұлттық дәстүр бойынша шашу шашып, әнмен қарсы алды. Кіреберісте екі келін астауға салынған бауырсақ ұсынып, қонақтарға ақ дәмнен дәм татқызды.

Қараша үйдің алдында үлкен әжелер ұршық иіру, жүн сабау, кілем тоқу сынды ұлттық қолөнер түрлерін көрсетіп, халқымыздың құндылықтарын дәріптеді. Ал жастар «Бастаңғы» дәстүрін ән мен жыр арқылы сахналады.

Клуб алаңында қыз-жігіттер алтыбақан теуіп, ұлттық ойындар ұйымдастырылды. Балалар арасында асық ату, тоғызқұмалақ, арқан тарту ойындарынан шағын жарыстар өтті.

Қараша үй ішінде қазақтың ұлттық тағамдарынан дастархан жайылып, ауыл тұрғындары мен қонақтарға Наурыз көже ұсынылды. Сонымен қатар, Екпінді ауылынан шыққан танымал тұлғалардың суреттері қойылып, арнайы таныстырылым жасалды.

Фестивальдің ашылу салтанатында Жаңақорған ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бас маманы Жадыра Сәдібекқызы Шертекова және Екпінді ауылының әкімі Қайрат Қожамжаров сөз сөйлеп, қатысушы әжелерге алғыс білдіріп, сәттілік тіледі.

Фестивальге Қызылорда қаласы мен аудандарынан барлығы 7 әжелер ансамблі қатысты.

Бірінші кезеңде қатысушылар қазақ халқының салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарын насихаттайтын сахналық қойылымдарын ұсынып, қойылым барысында халық әндерін орындады.

Атап айтқанда:

  • Қазалы ауданының «Өнеге» ансамблі «Құрсақ шашу» дәстүрін «Дүние-ай» халық әнімен ұсынды;
  • Жалағаш ауданының «Асыл ана» ансамблі «Бәдік» дәстүрін «Бәдік» әнімен көрсетті;
  • Сырдария ауданының «Ақ әжелер» ансамблі «Өңір салу» дәстүрін «Ахау керім» әнімен орындады;
  • Қызылорда қаласы, Қызылжарма ауылының «Қуаныш» ансамблі «Қамшы ілу» дәстүрін халық әндерінен попурримен жеткізді;
  • Қосшыңырау ауылының «Ақниет» ансамблі «Көтендестіру» дәстүрін «Ахау керім» әнімен көрсетті;
  • Шиелі ауданының «Байсын» ансамблі «Бастаңғы» дәстүрін «Гүл-гүл жайна» әнімен ұсынды;
  • Жаңақорған ауданының «Әз әжелер» ансамблі «Құрсақ шашу» дәстүрін «Беу-айдай» халық әнімен жалғады.
Екінші кезеңде қатысушылар қазақ композиторларының әндерін жанды дауыста орындады.

Фестиваль қорытындысы бойынша барлық әжелер ансамбльдері түрлі номинациялармен және ақшалай сыйлықтармен марапатталды.
18 наурыз 2026 ж. 66 0