№20 (8934) 17

17 наурыз 2026 ж.

№19 (8933) 14

14 наурыз 2026 ж.

№18 (8932) 7

07 наурыз 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » ЖАҢАҚОРҒАНДА ШАҢЫРАҚ КҮНІ АТАП ӨТІЛДІ

ЖАҢАҚОРҒАНДА ШАҢЫРАҚ КҮНІ АТАП ӨТІЛДІ




Бүгін Түгіскен ауылында Наурызнама онкүндігі аясында «Шаңырақ» күніне орай аудан әкімі Мажит Самитовтың қатысуымен «Бір ауыл-бір қазан» атты мерекелік шара өтті.
Шарада киіз үйлер тігіліп, қолөнер шеберлерінің бұйымдары мен ұлттық киімдердің көрмесі көпшілік назарына ұсынылды. Ақ дастархан жайылып, Наурыз көже таратылды. Алтыбақан орнатылып, ұлттық аспаптар оркестрі мен ауыл өнерпаздары өнер көрсетіп, халыққа ұлттық шығармаларды тарту етті. Сондай-ақ Жаңақорған төбе, Қандөз, Қаратөбе, Келінтөбе, Түгіскен және Қожакент ауылдық клуб қызметкерлері «Бір ауыл – бір қазан» атты театрландырылған қойылым ұсынды.
Шараның ашылуында аудан әкімі Мажит Самитұлы жиналған көпшілікті мерекемен құттықтап, «Шаңырақ» күнінің маңызына тоқталды.
– Баршаңызды Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесі аясында аталып өтіп жатқан «Шаңырақ» күнімен шын жүректен құттықтаймын! Шаңырақ күні – отбасы құндылықтарын дәріптеп, ұрпақтар сабақтастығын, үлкенге құрмет пен кішіге ізетті насихаттайтын ерекше күн. Қазақ халқы үшін шаңырақ – отбасының, ұрпақтың және бірліктің символы. Кеше ғана еліміз үшін маңызды саяси науқан – республикалық референдум өтті. Сыр елі бұл референдумға қатысу белсенділігі бойынша республика өңірлері арасында ең жоғары көрсеткішке қол жеткізді. Бұл жетістікке жаңақорғандықтардың да лайықты үлесі бар, – деді аудан басшысы.
Мерекелік кеште аудан өнерпаздары өнер көрсетіп, тұрғындарға ерекше көңіл күй сыйлады. Сондай-ақ облысымызға белгілі түгіскендік дизайнер Айзат Мырзаеваның ұлттық киімдерінің көрсетілімі ұсынылды.
18 наурыз 2026 ж. 64 0