Топ-баннер
Топ-баннер2

№18 (8932) 7

07 наурыз 2026 ж.

№17 (8931) 3

03 наурыз 2026 ж.

№16 (8930) 28

28 ақпан 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯ – ЕЛ БОЛАШАҒЫНЫҢ БЕРІК НЕГІЗІ

ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯ – ЕЛ БОЛАШАҒЫНЫҢ БЕРІК НЕГІЗІ



Ата заң - мемлекеттің дамуының бағдаршамы. Жаңа Конституция азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын нығайтып, билік тармақтары арасындағы теңдік пен жауапкершілікті нақтылайды. Оның басты қағидаты - «Адам мемлекет үшін емес, мемлекет адам үшін», бұл қоғам мен биліктің өзара байланысын жаңа деңгейге көтереді және Әділетті Қазақстан құруға бағытталған стратегиялық қадам болып табылады.
Осы мақсатта, аудандық коалиция мүшелері Серік Мұсабаев, Арман Мажитов, Қалдарбек Тұрабаев, Асылжан Жолдасбеков «Шалқия» кенті тұрғындарымен кездесіп, ой бөлісті.Кездесу барысында ұсынылып отырған Ата Заң жобасының басты бағыттарына тоқталып, оның елдің саяси жүйесін жаңғыртуға, қоғамдағы әділеттілік пен теңдікті нығайтуға бағытталғанын атап өтті. Сонымен қатар құжатта азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауды күшейту, заң үстемдігін қамтамасыз ету, мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіру және халық пен билік арасындағы сенімді арттыру мәселелері қамтылғаны айтылды.Кездесу барысында аудандық коалиция мүшесі Серік Мұсабаев сөз алып, Жаңа Конституция төңірегінде ойын ортаға салды.– Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Негізгі заңның халқымыз үшін тарихи және тағдырлы маңызы бар екенін атап өтті. Уақыт тоқтамайды, қоғам мен әлем ауқымды өзгерістер кезеңінен өтуде. Сол себепті Конституцияға енгізілетін өзгерістер - уақыт талабы, халық мүддесіне сай, мемлекет пен қоғам арасындағы байланысты нығайтады. Жаңа Конституция жобасында стратегиялық бағыттардың бірі - білім, ғылым және адами капиталды дамыту. Сонымен қатар, конституциялық өзгерістер әлеуметтік әділдікті күшейтіп, мемлекеттік басқарудың тиімділігін арттырады, аймақтық дамуға серпін береді және жергілікті өзін-өзі басқаруды нығайтады, – деді.Кездесуде тұрғындар өз ой-пікірін ашық айтып, жаңа Конституцияның халық мүддесіне сай екенін білдірді. Сондықтан барлығыңызды референдумға қатысып, Жаңа Конституция арқылы заң мен тәртіпті, әділетті Қазақстанды бірге құруға, Мемлекет басшысының саясатын қолдауға және бірлік пен ауызбіршілікте болуға шақырамын.#ЖаңаКонституция#АтаЗаң#СаналыТаңдау#ЕлБолашағы





11 наурыз 2026 ж. 65 0