АТА ЗАҢ – ЖАРКЫН БОЛАШАҒЫК

Ел дамуы мен қоғамның тұрақты болашағы – әр азаматтың саналы таңдауы мен белсенділігіне байланысты. Осы мақсатта «Есіктен есікке» акциясы аясында ерікті жастар тұрғындармен жүздесіп, Жаңа Конституцияның маңызы туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Акция барысында еріктілер әр үйге барып, тұрғындармен ашық әңгіме өрбітіп, олардың көкейіндегі сұрақтарына жауап берді. Мұндай формат әр адамға өз пікірін еркін білдіруге, ел болашағына қатысты ойларын ортаға салуға мүмкіндік берді.
Түсіндіру кезінде Жаңа Конституция – тек заң нормаларының жиынтығы ғана емес, әрбір азаматтың өміріне тікелей әсер ететін маңызды құжат екені айтылды. Онда азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау, әлеуметтік кепілдіктерді нығайту, әділетті қоғам құру және заң үстемдігін қамтамасыз ету басты басымдықтардың бірі екені түсіндірілді.
«Есіктен есікке» акциясы тұрғындардың ел тағдырына деген жауапкершілігін арттырып, алдағы референдумға бейжай қарамауға шақырады. Өйткені елдің ертеңі – әр азаматтың бүгін қабылдаған саналы шешімінен басталады.
#ЖаңаКонституция
#СаналыТаңдау
#ЕлБолашағы
#АтаЗаң
#Референдум2026




