БОЛАШАҚҚА БАСТАР ТАҢДАУ – ХАЛЫҚПЕН БІРГЕ ҚАБЫЛДАНАДЫ

Қоғамның алға жылжуы әр азаматтың белсенді ұстанымына тікелей байланысты. Осы орайда аудандық коалиция өкілдері Асылжан Жолдасбеков пен Бибасарова Лаура және еріктілер тобы тұрғындармен тікелей жүздесіп, Жаңа Конституция жобасының мән-маңызын кеңінен түсіндіру бағытында жұмыс жүргізді.
Кездесулер ресми мінберде емес, қарапайым тұрғындардың өз шаңырағында өтті. Әр үйде ел болашағына қатысты өзекті мәселелер қозғалып, азаматтардың құқықтары, әділетті қоғам қалыптастыру, қауіпсіздік пен жауапкершілік тақырыптары төңірегінде ашық пікір алмасу болды. Тұрғындар өз көзқарасын жасырмай айтып, ұсыныстарын ортаға салды.
Ақпараттық түсіндіру барысында Жаңа Конституцияның тек заңгерлерге арналған құжат емес, әрбір адамның өміріне тікелей әсер ететін маңызды негіз екені жан-жақты айтылды. Бұл құжат халықтың үні мен таңдауы арқылы ғана өз мәнін табатыны ерекше атап өтілді.
Есік-есікті аралап жүргізілген бұл жұмыс тұрғындардың қызығушылығын арттырып, алдағы референдумға жауапкершілікпен қарауға ықпал етті. Себебі елдің ертеңі – әр азаматтың бүгінгі саналы шешімінен бастау алады.
#Референдум2026
#ЖаңаКонституция
#АтаЗаң
#ХалықпенБірге
#СаналыТаңдау




