№71 (8985) 19

19 қыркүйек 2026 ж.

№70 (8984) 15

15 қыркүйек 2026 ж.

№69 (8983) 12

12 қыркүйек 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
» » ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯ – ҰРПАҚ АЛДЫНДАҒЫ ЖАУАПКЕРШІЛІК

ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯ – ҰРПАҚ АЛДЫНДАҒЫ ЖАУАПКЕРШІЛІК



Елдің өткені мен бүгінін бастан өткерген ардагерлер үшін Конституция – тек құқықтық құжат емес, ұлттың болашағына бағыт сілтейтін маңызды негіз. Осы ой ардагерлермен өткен тағылымды кездесуде айқын аңғарылды.
«Руханият» орталығында ұйымдастырылған басқосуда аумақтық коалиция өкілдері жаңа Конституция жобасының басты өзгерістерін түсіндіріп, адам құқығын қорғау, әлеуметтік әділеттілік пен азаматтық қоғамды нығайту мәселелеріне ерекше тоқталды. Әңгіме ресми форматтан гөрі өмірлік тәжірибеге сүйенген ашық пікір алмасуға ұласты.
Мәдениет пен руханият саласының ардагерлері заң жобасының ұлттық құндылықтарды сақтау жолындағы маңызын атап өтіп, ел болашағына қатысты ой-пікірлерін ортаға салды. Ақсақалдар тарапынан айтылған ұсыныстар кездесудің мазмұнын тереңдете түсті.
Кездесудің негізгі түйіні – заң халыққа түсінікті әрі жақын болғанда ғана қоғам игілігіне қызмет етеді. Осындай жүздесулер жаңа Конституцияның елмен ақылдаса отырып қалыптасып жатқанын көрсетеді.
26 ақпан 2026 ж. 710 0