№28 (8942) 18

18 сәуір 2026 ж.

№27 (8941) 14

14 сәуір 2026 ж.

№26 (8940) 11

11 сәуір 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930 
» » ЕЛ БОЛАШАҒЫ – ХАЛЫҚ ПІКІРІМЕН ҚАЛЫПТАСАДЫ

ЕЛ БОЛАШАҒЫ – ХАЛЫҚ ПІКІРІМЕН ҚАЛЫПТАСАДЫ



Қоғамның дамуы – әр азаматтың саналы таңдауы мен белсенділігіне байланысты. Осы мақсатта «Есіктен есікке» акциясы аясында ауданның ерікті жастары тұрғындармен тікелей жүздесіп, Жаңа Конституция жобасының мәні мен маңызын түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Бұл кездесулер ресми жиындардан бөлек, тұрғындардың өз үйлерінде, жылы әрі ашық атмосферада өтті. Әр шаңырақта елдің ертеңі, қоғамдағы әділеттілік, азаматтардың құқықтары мен жауапкершілігі жайлы маңызды әңгімелер өрбіді. Тұрғындар өз пікірлерін еркін айтып, ойларымен бөлісіп, болашаққа қатысты ұсыныстарын білдірді.
Кездесу барысында Жаңа Конституция – тек заң мамандарына арналған құжат емес, әрбір азаматтың өміріне, әр отбасының болашағына тікелей әсер ететін маңызды негіз екені кеңінен түсіндірілді. Бұл – халықтың үні мен таңдауы арқылы қалыптасатын, елдің дамуына бағыт беретін басты құжат.
Есік қағып, жүздесу арқылы жүргізілген осындай ашық диалог тұрғындардың қызығушылығын арттырып, алдағы референдумға жауапкершілікпен қарауға шақырды.
Өйткені елдің ертеңі – әр азаматтың бүгінгі саналы таңдауы мен белсенді ұстанымынан басталады.

#Референдум2026
#ЖаңаКонституция
#АтаЗаң
#ХалықпенБірге
#СаналыТаңдау
08 наурыз 2026 ж. 595 0