№71 (8985) 19

19 қыркүйек 2026 ж.

№70 (8984) 15

15 қыркүйек 2026 ж.

№69 (8983) 12

12 қыркүйек 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
» » ОБЛЫС ӘКІМІНІҢ ЖАҢА ЖЫЛДЫҚ ҚҰТТЫҚТАУЫН ЖЕТКІЗДІ

ОБЛЫС ӘКІМІНІҢ ЖАҢА ЖЫЛДЫҚ ҚҰТТЫҚТАУЫН ЖЕТКІЗДІ


Бүгін аудан әкімі Мажит Самитов жылдағы үрдіс бойынша ауданымыздағы ардақты ардагерлердің шаңырағына арнайы барып, облыс әкімі Нұрлыбек Машбекұлы Нәлібаевтың Жаңа жылдық құттықтауларын жеткізді.

Келінтөбе және Өзгент ауылдық округінің Еңбек ардагерлері Сұлтан Нұрханов мен Қалкөз Әбдікаримовке және Жаңақорған кентінің еңбек ардагерлері Дәрібай Айдарбеков, Зиягүл Әбубәкірова, Елеусіз Сейдеметов, Өтеген Әлімбетовке облыс әкімінің құттықтаулары табыс етілді. Абыз қариялар өз кезегінде облыс әкімінің жасап жатқан барлық игі бастамаларын теледидар және БАҚ беттерінен үнемі бақылап отыратындығын айтып, өз
алғыстарын білдірді.

Қазыналы қарияларды аудан әкімімен бірге аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Өмірсерік Тақырбасов құттықтады.
03 қаңтар 2025 ж. 470 0