Топ-баннер
» » ЕЛ ТАҒДЫРЫ – ОРТАҚ ЖАУАПКЕРШІЛІК

ЕЛ ТАҒДЫРЫ – ОРТАҚ ЖАУАПКЕРШІЛІК



Ел дамуына қатысты маңызды бастамаларды аудандық коалиция мүшелері «Келінтөбе» ауылының тұрғындармен талқылады. Басқосуда алдағы республикалық референдум аясында ұсынылып отырған өзгерістердің мазмұны түсіндіріліп, олардың қоғам өміріне ықпалы жан-жақты сараланды.
Жиынға аудандық коалиция мүшелері Баян Үсейінова, Керімхан Егізбаев, Бағлан Сұлтанбеков және ауыл тұрғындары қатысты. Кездесу ашық форматта өтіп, әрбір қатысушының пікір білдіруіне мүмкіндік берілді.
Басқосу барысында ұсынылып отырған өзгерістердің мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіруге, жауапкершілік пен тиімділікті арттыруға бағытталғаны айтылды. Сонымен қатар азаматтардың құқықтық қорғалу деңгейін күшейту, әділеттілік қағидаттарын орнықтыру және қоғамдық келісімді нығайту мәселелері қозғалды.
Кездесу барысында Баян Үсейінова өз сөзінде ел тағдырына қатысты маңызды шешімдер қабылданатын кезеңде әрбір азаматтың белсенділігі айрықша мәнге ие екенін атап өтті. Оның айтуынша, референдум – халық пен билік арасындағы өзара сенімді арттыратын маңызды қадам.



Одан кейін Керімхан Егізбаев жаңа реформалардың мазмұнына тоқталып, олардың ұзақ мерзімді тұрақтылық пен саяси жүйенің жаңаруына негіз болатынын жеткізді. Ол тұрғындарды қоғамдық-саяси үдерістерге бейжай қарамай, елдік мүдде тұрғысынан ой қозғауға шақырды.
Кездесу барысында ауыл тұрғындары көкейдегі сауалдарын қойып, өз ұсыныстарын ортаға салды. Ашық диалог нәтижесінде көпшілік ұсынылған бастамалардың мән-маңызын тереңірек түсінуге мүмкіндік алды.
Жиын соңында қатысушылар алдағы референдумға жауапкершілікпен қарап, белсенді қатысуға дайын екендіктерін білдірді.

#референдум
#референдум2026
#жаңаКонституция
#новаяКонституция
#АтаЗаң
#15наурыз
24 ақпан 2026 ж. 59 0