№23 (8937) 31

31 наурыз 2026 ж.

№22 (8936) 28

28 наурыз 2026 ж.

№21 (8935) 22

22 наурыз 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930 
» » Аудандық Оқушылар үйінде конституциялық реформалар талқыланды

Аудандық Оқушылар үйінде конституциялық реформалар талқыланды



Аумақтық коаликация өкілдері аудандық Оқушылар үйінде тұрғындармен кездесу өткізді. Жиынға Аллаберген Ахметов, Серқожа Ыдырысов, Наурызбай Ерікұлы және Нұрмұқасан Әуесқан қатысты.
Кездесудің басты мақсаты – жаңа Конституция жобасының мазмұнын көпшілікке таныстырып, онда ұсынылған өзгерістердің мәні мен негізгі бағыттарын түсіндіру.
Іс-шара барысында Аллаберген Ахметов сөз сөйлеп, конституциялық реформалардың ел басқару жүйесін жаңғыртуға бағытталғанын атап өтті. Оның айтуынша, өзгерістер билік тармақтары арасындағы тепе-теңдікті нығайтып, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау тетіктерін нақтылауға мүмкіндік береді.
Ал Серқожа Ыдырысов өз сөзінде Парламенттің өкілеттігін күшейту мен жергілікті өзін-өзі басқару институттарын дамыту мәселесіне тоқталды. Ол жаңа Конституция жобасы өңірлердің әлеуетін арттырып, шешім қабылдау үдерісіне азаматтардың қатысуын кеңейтуге бағытталғанын айтты.
Кездесу ашық пікір алмасу форматында өтті. Қатысушылар өздерін қызықтырған сауалдарын қойып, ұсыныс-пікірлерін ортаға салды. Жиын барысында жаңа Конституция жобасын жан-жақты талқылау және қоғамдық пікір білдіру – әрбір азаматтың жауапкершілігі екені атап өтілді.
16 ақпан 2026 ж. 626 0