Жаңа Конституция – жарқын болашаққа жетелейтін маңызды қадам

Мемлекет басшысының Жарлығымен 15 наурызда республикалық референдум өтеді. Бұл шешім – еліміздің даму бағытындағы аса маңызды әрі тарихи кезеңдердің бірі болмақ. Өйткені Ата Заң – ел бірлігі мен тұрақтылығының басты кепілі.
Бүгінде Конституцияның жаңа жобасы қоғамда кеңінен талқыланып, азаматтар тарапынан түрлі ұсыныстар мен пікірлер айтылуда. Бұл – халықтың ел тағдырына бейжай қарамайтынын, мемлекеттік маңызы бар шешімдерге белсенді қатысуға дайын екендігін көрсетеді. Сондықтан Жаңа Конституция жобасы саяси жүйені одан әрі жетілдіруге, заң үстемдігін қамтамасыз етуге және азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауды күшейтуге бағытталған.
Осы ретте, Қазақстан Республикасының әрбір азаматы тарихи сәтте сырт қалмай, ел тағдырына қатысты шешім қабылдауда белсенділік танытуы қажет деп білемін.
Ел бірлігі бекем, болашағымыз жарқын болсын!
Бахтияр АРТАЕВ,
Қызылорда облысының
дене шынықтыру,
спорт және туризм
басқармасының басшысы




