Соңғы жаңалықтар

№34 (8948) 9

09 мамыр 2026 ж.

№33 (8947) 5

05 мамыр 2026 ж.

№32 (8946) 1

01 мамыр 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031
» » ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯ ЖОБАСЫ КОЛЛЕДЖ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ МЕН СТУДЕНТ ЖАСТАРҒА ТҮСІНДІРІЛДІ

ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯ ЖОБАСЫ КОЛЛЕДЖ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ МЕН СТУДЕНТ ЖАСТАРҒА ТҮСІНДІРІЛДІ



Бүгін Жаңақорған аграрлы-техникалық колледжінде қызметкерлері мен жоғары курс студенттерінің қатысуымен жаңа Конституция жобасын кеңінен түсіндіруге арналған ақпараттық-түсіндіру кездесуі өтті.

Кездесуге аудандық қоғамдық штаб төрағасы Жарқынбек Ғалымжан, штаб мүшелері Серік Мұсабай, Серхожа Идирисов, Баян Усейнова, Асылжан Жолдасбеков, Лаура Бибасарова және Наурызбай Орынбасаров қатысып, жаңа Конституция жобасының әзірлену кезеңдері, Конституциялық кеңестің атқарған жұмысы және ұсынылып отырған өзгерістердің маңыздылығы жөнінде жан-жақты ақпарат берді.

Кездесу барысында бір палаталы парламенттік жүйе, цифрлық қауіпсіздік, неке және отбасы, вице-президент лауазымын енгізу, Халық кеңесін құру секілді бірқатар маңызды бастамалар кеңінен түсіндірілді.
Шара ашық пікір алмасу форматында өтті.
Ақпараттық-түсіндіру жұмыстары алдағы уақытта ауданның түрлі сала қызметкерлері мен тұрғындары арасында жалғасатын болады.
17 ақпан 2026 ж. 166 0