Соңғы жаңалықтар

№12 (8926) 14

14 ақпан 2026 ж.

№11 (8925) 10

10 ақпан 2026 ж.

№10 (8924) 7

07 ақпан 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
232425262728 
» » АУДАН БАСШЫСЫ АУҒАН СОҒЫСЫ АРДАГЕРЛЕРІ ҰЙЫМЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІН ҚАБЫЛДАДЫ

АУДАН БАСШЫСЫ АУҒАН СОҒЫСЫ АРДАГЕРЛЕРІ ҰЙЫМЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІН ҚАБЫЛДАДЫ



Бүгін аудан әкімі Мажит Самитов Кеңес әскерлерінің Ауғанстан жерінен шығарылған күні қарсаңында “Жаңақорған аудандық Ауғаныстан ардагерлері және патриот жастары” қоғамдық бірлестігінің төрағасы Қуаныш Абилакимовты қабылдады.

Кездесу барысында аудан басшысы Ауған соғысының өткен ғасыр тарихындағы күрделі кезеңдердің бірі болғанын атап өтіп, ерлік пен табандылық танытқан азаматтардың ерлігі ұмытылмайтынын жеткізді.
– Сіздер әскери борыштарыңызды абыроймен атқарып, қайсарлық пен жанқиярлықтың үлгісін көрсеттіңіздер. Сіздердің ерліктеріңіз әрдайым ел жадында. Бүгінде өзіңіздің жетекшілігіңізбен ауданымыздағы Ауған соғысы ардагерлері қоғамдық жұмыстарға белсене араласып, жас ұрпақты отансүйгіштікке тәрбиелеу, ел бірлігін нығайту бағытында аянбай еңбек етіп келеді. Бұл үлкен құрметке лайық игі іс. Осы еңбектеріңіз үшін шынайы алғысымды білдіремін, – деді аудан әкімі.

Сонымен қатар, аудан басшысы елімізде жүзеге асырылып жатқан саяси реформалар мен қоғамдық өзгерістерге тоқталып, аға буын өкілдері ретінде халық арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізуге және 15 наурыз күні өтетін республикалық референдумға белсенді қатысуға шақырды.

Өз кезегінде Қуаныш Мұсаұлы аудан басшылығы тарапынан көрсетіліп отырған қолдау мен қамқорлық үшін ризашылығын білдіріп, ардагерлер қауымы ел ішіндегі тұрақтылық пен бірлікті нығайтуға, жас буынға патриоттық тәрбие беруге және мемлекет бастамаларын қолдау бағытындағы жұмыстарды алдағы уақытта да жалғастыра беретінін атап өтті.

Айта кету керек, Кеңес әскерлерінің Ауғанстан жерінен шығарылған күніне орай бірқатар іс-шаралар жоспарланған. Алдымен “Тағзым” алаңында боздақтарды еске алу мақсатында гүл шоқтары қойылып, құран бағыштау рәсімі өтеді. Осыдан кейін Руханият орталығында “Ерлік- елдің жүрегінде” атты іс-шарамен жалғасады. Сонымен қатар, құрмет көрсету және патриоттық бағыттағы кездесулер кент және ауылдық округтерде де өтетін болады.
14 ақпан 2026 ж. 59 0